- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Әскери-теңіз күштері «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық кемесімен толықты
ҚР Әскери-теңіз күштері «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық кемесімен толықты
Отандық су көлігі мемлекеттік қорғаныс тапсырысына сәйкес арнайы шығарылған. Бұл осымен Оралдағы «Зенит» зауытында құрастырылған төртінші кеме. Экипаж құрамында 23 адам бар, деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Шараға облыс әкімі Ералы Тоғжанов, ҚР ӘТК бас қолбасшысының вице-адмиралы Жандарбек Жанзақов қатысты.
Алдымен сөз алған аймақ басшысы: «Қазақстанның халқы бақытты деп толықтай айтуға негіз бар. Бүкіл дүниежүзі мойындаған ірі мемлекеттің қатарына ендік. Мәңгілік ел болуды мақсат еткен Отанымыз міндетті түрде мықты ел болу керек. Тәуелсіздікті алу бар да, тәуелсіздікті нығайту бар. Оны қорғау бар. Осы бағытта ең алдымен әскери күштерге тікелей байланысты.
«Маңғыстау» кемесінің қатарға қосылуы – үлкен тарихи жағдай. Қазақстанның әскери күштерінің күннен-күнге күшейіп келе жатқанындығының айқын көрінісі»,-деді ол.
«Маңғыстау» зымыран-артиллериялық кемесі - Каспий теңізінде Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінің жауапкершілік аймақтарында жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін жасалған.
Кеменің салмағы - 240 тонна. Ұзындығы – 41,75; ені - 7,8 метр. Жүзу қашықтығы – 1200 мильді құрайды. Кеменің ерекшелігі - су астынан төнетін қауіп-қатер мен астыртын әрекеттерді алдын ала анықтай алады. Сондай-ақ, заманауи артиллериялық құрылғымен, радиотехникалық қарумен жабдықталған.
Жаңа көліктің тағы бір кереметі, жанармай қоры сағатына 60 шақырым жылдамдықпен ашық теңізде 10 тәулік жүруге жетеді.
«Маңғыстау» зымыран-артиллериялық кемесінің техникалық сипаттамалары қарсыластың жауынгерлік суүсті кемесін, катерін және көлігін дербес және кемемен соққы беру күштерімен өзара іс-қимылда жоюды қамтамасыз етеді. Кеме бұл үшін қажетті жылдамдығы, басқаруы, жүзу алшақтығы, дербестігі, экипаждың мекендеу шарттары сияқты теңізде жүзу сапасына ие.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
ҚР Ұлттық ұланы қандай қызмет атқарады -
ҚР Денсаулық сақтау министрі Цой мен вице-министр Шоранов QAZVAC салдырды -
Нотариат саласындағы реформалар: жылжымайтын мүлік құқықтары, цифрланған нотариус -
ҚР экономикасы: Инфляция, теңгенің құнсыздануы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар