• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда оңтүстіктен солтүстікке көшіру квотасы бес есеге көбейеді – Т.Дүйсенова

Қазақстанда оңтүстіктен солтүстікке көшіру квотасы бес есеге көбейеді – Т.Дүйсенова

20 Желтоқсан, 2017 17:28
Қазақстанда оңтүстіктен солтүстікке көшіру квотасы 2018 жылы бес есеге – 1700-ден 7 мың адамға дейін көбейеді.Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында мәлімдеді.

«Бүгінде нәтижелі  жұмыс пен жаппай  кәсіпкерлік  бағдарламасы  аясында оңтүстік облыстардан солтүстік аймақтарға  381 отбасы немесе  1479 адам көшірілді. Келесі жылы  бес есеге – 1700-ден  7 мың адамға  дейін  көбейеді», - деді Т.Дүйсенова.

Министр айтып өткендей, нәтижелі  жұмыс пен жаппай  кәсіпкерлік  бағдарламасына өзгертулер енгізу қажет.

«Көшіп келген адамдарды тұрақты жұмысқа алатын жұмыс берушілерге  450 АЕК көлемінде субсидия беріледі. Осы мақсатта  100 АЕК-ға дейін  гранттар беріледі. Осы орайда өңірлерде гранттар беріледі», - деді Т.Дүйсенова.

Қайрат Жандыбаев

 

Барлық жаңалықтар