Астанада 2018 жылы «Грэпплингіден Әлем чемпионаты» өтеді

20 Желтоқсан, 2017 18:42
Астана қаласында қазақстандық партерде болып көрмеген “Грэпплингіден Әлем чемпионаты” 2018 жылы қыркүйек айында өтетін болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында ҚР Грэпплинг Қауымдастығының Президенті Қанат Алин мәлім етті.

Биыл спорттық Грэпплинг тарихында алғаш рет құрлықтық Азия Чемпионаты Қазақстанда өткен болатын. 2-3 қыркүйек күндері Астана қаласында өткен айтулы додаға Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістан, Үнді мемлекеттері қатысқан.

«Жарысқа бес Азиялық елдерден келген 100-ден аса спортшы бағын сынады. 23 медаль топтамасы ойнатылды, соның 40 медалін біздің палуандар қанжығасына байлады. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 1 жалпыкомандалық орынға ие болды»,-дейді Қанат Алин.

Ал биылғы Әзірбайжан елінде, Баку қаласында 18-21 қазан күндері өткен Грэпплинг Гиден Әлем чемпионатында да еліміздің жетістігі мол болған.

«61 спортшыдан құралған Қазақстан құрамасы 43 медальге қол жеткізді. Оның 17-і алтын, 11-і күміс, 15-і қола. 18-19 қазан күндері Әлем Біріншілігі өтті. Ең жас спортшылармен құрметті ардагерлер жақсы нәтижемен оралды. 28 ел арасында топ жарып, жасөспірімдер арасында үшінші жалпыкомандалық орынға, ал ересектер арасында жетінші жалпыкомандалық орынға қол жеткіздік»,-дейді қауымдастық президенті.

Сондай-ақ, Қанат Алин алдағы додаларға дайындық жұмыстары, спортшыларды саралау тәсілдері туралы мәліметтер беріп, журналист сұрақтарына жауап берді.

 

Есбол Социалхан

 

Барлық жаңалықтар