- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық ХҚКО-ларда paper free қызметі енгізіледі
Қазақстандық ХҚКО-ларда paper free қызметі енгізіледі
«Қазіргі таңда халық электронды үкімет арқылы 452 мемлекеттік қызмет көрсетілді.Аталған жұмыс барлық мемлекеттік органмен бірігу арқылы ғана жүзеге асырылады. Біріншіден, қол жеткізілген нәтижелерге қарамастан ашықтық мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Мысалы, мемлекеттік органдар маңызды өнімдер туралы ақпаратты бермейді. Аталған мәселені шешудің жолы – анықтамасыз қызмет көрсету жобасын қолға алу. Мұны «paper free» дейді. Жобаны Әділет, Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері, Бас прокуратура бірігіп жүзеге асыруда», - деді министр.
Министр айтып өткендей, меморгандар өзге органдардан анықтама алуға міндетті болады. Ал, paper free қызметі енген соң мұндай қызметтер азаяды.
«Ондағы мақсат маңызды электрондық құжатты алу, әрі мемлекеттік орган арасындағы байланысты күшейтуге бағытталған. Мемлекетік орган арасындағы байланыстың төмен болуынан ХҚКО арқылы азаматтар 22 млн электронды құжатқа тапсырыс берген», - деп түйіндеді сөзін Дәурен Абаев.
Сондай-ақ, ол Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігімен бірлесіп мемлекеттік органдардың ұйымдастыруын дамыту тиімділігін бағалауға өзгертулер енгізілгенін айтты.
«Ақпараттық технологияларды қолдану 3 талап бойынша қаралады. Бірінші, мемлекеттік қызметті қолданудағы ақпараттық жүйелер, екіншісі, меморган қызметін автоматтандыру үшін қолданылатын ақпараттық жүйелер, үшіншісі – сәулет порталында тіркелген ақпараттық жүйелердің үлесі. Бұл саланы оңтайландыру міндетін министрлік тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе атқарып жатыр. Жалпы құжаттардың мерзімі мен тізбесін қысқартып, қайталанатын рәсімдерді жою, толық электронды форматқа көшу мәселелері бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізіп отырмыз. Бұл ретте электронды үкімет пен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын дамыту мәселелері айрықша маңызға ие», - деді Д.Абаев.
Мәселен, 10 жыл бойы ЭСЭДО жүйесі қолданылып келеді. Алайда, тәжірибе келгенде көптеген жетекшілер қағаз түріндегі құжатты талап етеді.Бұл шешім қабылдау жылдамдығына әсер етіп, мемлекеттік қызметкердің техникалық жұмысын көбейтеді.
Ақбота Күзекбай
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды