- Басты
- Жаңалықтар
- Франция Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы кеңейтілген әріптестік туралы келісімді ратификациялауды қолдады
Франция Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы кеңейтілген әріптестік туралы келісімді ратификациялауды қолдады
Француз Парламенті Төменгі палатасының КӘЫтК-ны ратификациялау процесіне «Франция-Қазақстан» парламентаралық достық тобының төрағасы Пьер Кабареның басшылығымен ерекше үлес қосты.
«Ұлттық Ассамблеяда сөз сөйлегенде П. Кабаре Қазақстан Францияның саяси, сол сияқты экономика салаларындағы маңызды әріптесі болып табылатынын атап өткен. Астана демократияландыру саласында оң үрдіс көрсетуде, қоғам дамуының және адам құқықтарын қорғаудың елеулі ілгерілеуіне қол жеткізді, дағдарысты реттеу мәселелері мен бітімгершілік қызметтің белсенді қатысушысы болып табылады. Ядролық карудан бас тарта отырып, Қазақстан денуклеаризациялау процесіне қатысады», - деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
«Вперед Республика!» партиясы тобын білдірушісі П.Кабареның пікірінше, Париж саяси диалогты дамыту мәселелері бойынша Астанамен ынтымақтастықты кеңейту қажет. Әсіресе, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қақтығыстарды болғызбау және терроризммен күресу салаларындағы ынтымақтастық. Сонымен бірге, ол Келісімнің экономикалық салада тұрақты өзара әрекеттестігі жасауды білдіретінін, Франция Қазақстанның шама бойынша үшінші инвесторы болып табылатынын атап өтті.
Қазақстан Орталық Азияда 2015 жылғы желтоқсанда ЕО-мен осындай шарт жасасқан алғашқы ел болып табылады. Ол әріптестіктің 29 саласын, оның ішінде экономика және сауда-саттық, денсаулық, мемлекеттік қаржыны басқару және салық салу, жаппай қырып-жою қаруын таратуға және терроризмге қарсы іс-қимыл жасау, климат өзгерістерімен күресуді қамтиды.
Франциямен қатынасының айрықша сипаты оның Еуропа одағы елдерінің ішінде Қазақстанмен стратегиялық әріптестік туралы шартты жасасқан алғашқы ел болуымен ерекшеленіп, 2018 жылы Астана мен Париж осындай әріптестіктің онжылдығын атап өтеді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары