- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс Ирландиямен қосарланған салық салуды жою туралы құжатты мақұлдады
Мәжіліс Ирландиямен қосарланған салық салуды жою туралы құжатты мақұлдады
Заң жобасын Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов таныстырды.
«Ратификациялау үшін Сіздерге ұсынылып отырған Конвенция: уағдаласушы мемлекеттердің арасында салық салу құқықтарын бөлу жолымен уағдаласушы мемлекеттердің резиденттері болып табылатын заңды және жеке тұлғалардың табыстарына қосарланған салық салуды жоюға мүмкіндік береді», - деді Б.Сұлтанов.
Оның айтуынша, инвестициялар үшін қолайлы жағдай жасау жолымен Қазақстан мен Ирландия арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, кеңейтуге жол ашады;
Екі мемлекеттің құзыретті органдары арасында салық мәселелері бойынша ақпарат алмасу арқылы салықтан жалтарудың алдын алу мәселелерін шешуге көмектеседі.
Конвенцияның жекелеген баптары уағдаласушы мемлекеттерде қызметтерін жүзеге асыратын әртістердің, спортшылардың, мемлекеттік қызметшілердің, студенттердің табыстары мен өзге де төлемдеріне салық салудың айқын тәртібін көрсетеді.
Мәселен, Мемлекеттік қызметшілер үшін, егер Қазақстан үшін жүзеге асырып жатқан қызметіне жеке тұлғаға еңбекақы мен зейнетақы төленетін болса, мұндай табыстарға тек Қазақстанда ғана салық салынады (Қазақстанда жұмыс істейтін Ирландияның мемлекеттік қызметшісінің жағдайы да осыған ұқсас болады – салық тек Ирландияда ғана төленеді).
Қазақстан мен Ирландия арасындағы конвенция экономикалық қарым-қатынастарды талдау негізінде жасасты, соның ішінде тікелей шетел инвестициялары мен тауар айналымдары бойынша көрстекіштер қарастырылды.
«Осыған орай, Ирландиямен өзара сауда-саттық туралы статистикалық деректерге тоқталып өткім келеді.Мәселен, Қазақстан мен Ирландия арасындағы тауар айналымы соңғы 10 жылда 1 180 млн. АҚШ долларын құрады. 2016 жылы 139 млн. АҚШ долларын құрады.Қазақстандық экспорттың негізгі баптары тас көмір және газ бен түтін талдайтын аппараттар болып табылады.Импорт құрылымында вакцина, дәрі-дәрмектер мен оларды өндіру үшін, ішімдіктер және парфюмерия сияқты тауарлары басымдыққа ие», - деді министр.
Қазақстан Республикасына Ирландиядан инвестициялар соңғы 10 жылда 1,0 млрд. АҚШ долларын құрады.
Конвенцияны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді.
Ирландиямен Конвенция қолданыстағы барлық салық келісімдері сияқты үлгілік болып табылады және Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Салық конвенцияларының үлгілері негізінде жасалды.
Конвенцияны ратификациялау мемлекеттер арасында экономикалық қарым-қатынастарды кеңейтуге қосымша леп береді, қолайлы инвестициялық климат жасайды.
Ақбота Күзекбай
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
Салық заңнамасын жетілдіру: Саладағы өзгерістер -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері