- Басты
- Жаңалықтар
- Мажар елшісі Андраш Барани «Рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы пікірімен бөлісті
Мажар елшісі Андраш Барани «Рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы пікірімен бөлісті
«Рухани жаңғыру» мақаласын мен және өзге де әріптестерім өте маңызды деп есептейді. Бір досымның сөзі бар еді, «тарих – ол өткенің емес, ол сенің табаның астында жатыр, ол сенің істеп жатқан ісің, тарихты біз жасаймыз» деген тұғын. Менің ойымша, рухани құндылық пен тарихи сана кез-келген елдің мемлекеттік тұғыры деп есептеймін. Тіл мен мәдениет – ұлттың қоғамдық құрылысындағы екі анықтаушы фактор. Біздің елде бұндай бағдарлама болған жоқ, бірақ елімізде әрқашан да мажар тарихына, мажар мәдениетіне жоғары деңгейде көңіл бөлінеді. Кез-келген үлкен жобалар осы негізде жүзеге асады. Сондықтан да, мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ең соңғы әрпіне дейін жүзеге асуын шын ниетіммен тілеймін»,-деді Андраш Барани журналист сұрағына жауап беріп.
Сондай-ақ, Андраш Барани екі ел арасындағы тарихи туыстық қатынастарға тоқталып, осы салада селбесе зерттеу жасап жатқан ғалымдардың еңбектерін жоғары бағалайтынын атап өтті. Ол 20 тамызда ЭКСПО аясында Мажарстанның Ұлттық күні аталынып өткенін, Көрменің өту барысында венгерлік павильонға 300 мыңға жуық адам келгенін айтты. Әсіресе Астана-Будапешт тікелей әуе бағытының ашылуына ерекше тоқталып, өз қуанышын жеткізді.
Бұдан сырт, сауда-экономикалық қарым-қатынастар да екпінді дамуда дейді елші. 2016 жылғы статисика бойынша Мажарстан тауарайналымы – 16 пайызға өсіп, 1888 млн долларды құраған Қазақстанның жалғыз сауда әріптесі болған.
Есбол Социалхан
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты