Қазақстан мен Ресей «Байқоңыр» кешенін одан әрі дамыту туралы келісті

20 Желтоқсан, 2017 13:32
Мәскеуде «Байқоңыр» кешені бойынша Үкіметаралық комиссияның Қазақстан-Ресей теңтөрағалары – Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мәмин мен РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозиннің кездесуі өтті.

Кездесуде  «Байқоңыр» кешенін  одан әрі дамыту мен екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.

Сондай-ақ, «Бәйтерек»  жобасы, Байқоңыр қаласын дамытудың ұзақмерзімді бағдарламасы мен «Байқоңыр» кешенін дамыту бойынша ынтымақтастықтың тұжырымдамасы, «Байқоңыр»  ғарыш айлағының  қызметіндегі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен кешен әуежайындағы ұшуды ұйымдастыру  мәселелері қаралды.

Кездесуде «Бәйтерек»  ғарыш зымыран кешенін  құру жобасы талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша А.Мәмин мен Д.Рогозин сәйкес Хаттамаға қол қойды.

 

Барлық жаңалықтар