• Басты
  • Жаңалықтар
  • Салық салу саласындағы ескірген келісімдерді ауыстыру қажет – Н.Нығматулин

Салық салу саласындағы ескірген келісімдерді ауыстыру қажет – Н.Нығматулин

20 Желтоқсан, 2017 12:33
Салық салу саласындағы ескірген келісімдерді ауыстыру қажет, деді Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин төменгі палатаның жалпы отырысында.

Отырыста депутаттар атап өткендей, қазіргі таңда Қазақстанның  52 халықаралық салық келісімі өзге елдермен  жұмыс істеуде.

Өз кезегінде Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин  қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа  ұқсас келісімдердің тиімділігін сараптауды тапсырды.

«Біз бүгін  1996 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан хаттаманы қарастырып жатырмыз. Осы жылдары  салық заңнамасы өзгергендігін түсіну керек. Біз соңғы жылдары Салық кодексіне біршама өзгертулер енгіздік. Жалғаспалы заңнамалар өзгерді. Салық салудың халықаралық стандарттары да өзгеріске ұшырады. 52  келісімді жаңарту қажет. Қазақстандағы салық саласындағы  келісімінің тең жартысы өткен ғасырда бекітілген», - деді Н.Нығматулин.

Өз кезегінде,  қаржы министрі 30 келісім жаңартылғанын алға тартты.

«Жақында ратификацияны қайта қарап жатқанымызда инфрақұрылымдық жобалар туралы неге біздің компаниялар қатыспайды  деген  сұрақ туындады. Сол кезде  90 жылдары жүзеге асқан келісімдер шетелдік компанияларға басымдық беретіні анықталды.Ол кезде бұл өзекті болған. Себебі, өз қаражатымыз болмады, компаниялардың техникасы жетпеді. Қазір Қазақстандағы жағдай өзгерді», - деді Н.Нығматулин.

 Мәжіліс төрағасының айтуынша, уақытында сараптама жасап, келісімдерге экономиканың басым салалары   бойынша  өзгертулер енгізу бойынша келіссөздер өткізу керек.

Айта кетейік, бүгін отырыста қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Салықтан жалтарған үндістандық компанияларға Қазақстан заңы қолданылатындығын айтын болатын.

 

Ақбота Күзекбай

 

Барлық жаңалықтар