• Басты
  • Жаңалықтар
  • Үндістандық компаниялар салық төлеуден жалтарған жағдайда ішкі заңнама қолданылады

Үндістандық компаниялар салық төлеуден жалтарған жағдайда ішкі заңнама қолданылады

20 Желтоқсан, 2017 12:11
Үндістандық компаниялар салық төлеуден жалтарған жағдайда ішкі заңнама қолданылады, деп хабарлады ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ҚР Парламенті Мәжілісіндегі пленарлы отырыста.

Депутаттар Қазақстан мен Үндістан арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияға түзетулерді мақұлдады. 

«Ұсынылған хаттама бірінші кезекте екі ел арасында ақпарат алмасу арқылы екі елдің салық қызметтерінің ынтымақтастығын дамыта түседі.  Екіншіден, салық төлеуден жалтарған жағдайда және Тұжырымдама заңдылықтарын орындамаған жағдайда ішкі заңнама қолданылады. Үшіншіден, салық қарызын төлету бойынша салық органдары қызметтерінің ынтымақтастығын дамыту арқылы салық төлеуден жалтаруды болдырмайды», - деп түсіндірді министр Б. Сұлтанов. 

Атап өтер болсақ, Қазақстан мен Үндістан арасындағы тауар айналымы соңғы он жылда 5 млрд долларды құрады.

«Қазақстандық экспорттың басым бөлігі уран мен шикі мұнай өнімдері. Ал, импорт құрамында көбіне қара шай мен медициналық дәрілік заттар», - деп толықтырды Бақыт Сұлтанов.

Естеріңізге сала кетейік, Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасын мақұлдады.

Ақбота Күзекбай

Барлық жаңалықтар