- Басты
- Жаңалықтар
- Тәуелсіздігіміздің басты құндылығы- азаматтар
Тәуелсіздігіміздің басты құндылығы- азаматтар
Қазақстан Президенті «100 жаңа есім» жобасына қатысушылармен кездесу өткізгеніне ерекше тоқталып, Тәуелсіздігіміздің басты құндылығы азаматтар екенін атап өтті.
« Бұлардың ұстанатын өмірлік қағидасы – мемлекеттен талап ете бермей, оған өзінің идеяларын, шығармашылық энергиясын, қажырлы еңбегін арнау. Міне, біз қол жеткізген табыстың нағыз шынайы манифесі – осы! Тәуелсіздіктің ұрпағы да – осылар», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін сан жағынан өсуден сапалық өзгерістерге көшудің маңызды талап екенін айқындап берді.
« Қазақстанды қалыптасқан мемлекет ретінде нығайтып, біз бүкілін қамтитын жаңғыруға, Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тұрпатын жасауға кірістік. Сол үшін саяси, экономикалық және рухани жаңғыру үдерісін бастап кеттік», – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру мәселесіне тоқталды.
«Биыл ел болып Алашорданың 100 жылдығын атап өттік. Қазақ әліпбиінің латын графикасына өтуі жөніндегі аса маңызды шешім қабылдадық. Латын қарпіне көшудің терең тарихи қисыны бар. Бұл – ата-баба арманының орындалуы ғана емес, келер ұрпақты болашаққа бастайтын жол», – деді Мемлекет басшысы.
Соңында Қазақстан Президенті қатысушылардың бәрін Тәуелсіздік күнімен тағы да құттықтап, саяси тұрақтылық, қоғам мен халқымыздың бірлігі үшін жүргізіліп жатқан саясатқа толық қолдау көрсету еліміздің табысты болуының басты кепілі екенін атап өтті.
«Барлық бастамаларымды іске асыруға күш берген сенімдеріңіз үшін, шынайы қолдауларыңыз бен жанкешті күш-жігерлеріңіз үшін барша қазақстандықтарға алғыс айтамын», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
А.Цой: Коронавирус жұқтырғандардың 99,9%-ы вакцина алмаған азаматтар -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
Тоқаев: Азаматтарға қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісі ұлғайтылады -
Жердің шетелдіктерге сатылмауы мен жалға да берілмеуі – халық күтіп отырған ең басты мәселе. Сарапшылар пікірі -
ҚР-дағы вакцинациялау: Вакцина алатын азаматтар нені білуі тиіс -
Судья: Жаңа Кодекске сәйкес азаматтар Сотта көп жағдайда жеңіп шығады -
Қазақстанға келген шетел азаматтарына пандемияға байланысты қандай жеңілдік қарастырылды -
Уролог дәрігер: коронавирус ер азаматтардың репродуктивті денсаулығына әсер етеді -
Саясаттанушы дамыған мемлекетті құлдырататын басты факторды атады -
Атырау облысының әкімі өңірдегі төрт басты проблеманы атады