- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Әзірбайжан арасында автомобиль арқылы 13 млн доллардың тауары тасымалданды
Қазақстан мен Әзірбайжан арасында автомобиль арқылы 13 млн доллардың тауары тасымалданды
«Қазақстанның географиялық орналасуын ескере отырып, еліміздің транзиттік әлеуетін дамыту мен Орталық Азиядағы ірі логистикалық хаб құру мақсатында жүк ағымын тарту бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Бүгінгі күні 41 шет мемлекетпен автомобиль байланысын жандандыру жөніндегі келісім бекітілді және бұл жұмыс одан ары жалғасуда», - деді Жеңіс Қасымбек.
Оның айтуынша, 2016 жылы автокөлікпен жүк тасымалдау Қазақстан мен Әзербайжан арасында 16 пайызға артып, 6,2 мың тоннаны құраған. Ұсынылған келісімде екі ел арасында автокөлік тасымалдарын жүзеге асырудың құқықтық нормалары белгіленген. Авто тасымалдау түрлері мен рұқсат формаларын алмастыру квоталарын белгілеу тәртібі реттелген.
«Бұл келісімнің жүзеге асырылуы екі ел арасындағы автокөлік тасымалын одан әрі дамытуға және Қазақстан мен Әзербайжанның сауда-экономикалық ынтымақтастығына ықпал етеді деп сенеміз. Келісімді ратификациялау бюджеттен қосымша қаражат бөлуді талап етпейді», - деді ол.
Парламент Мәжілісінің депутаты Ж.Қасымбекке қойған сұрағында 2017 жылдың 9 айында Қазақстан мен Әзірбайжан арасында 13 млн 603 мың доллардың тауары тасымалданды. Оның ішінде импорт 10 млн-ды, экспорт 3 млн-ды құрады. С. Имашева осы орайда экспорттың импорттан неге 3 есе аз екендігін сұрады.
«Жалпы, Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы тауар айналым 120-130 млн долларды құрады. 75 пайызы – біздің экпорт. Автомобиль арқылы 13 млн доллардың тауары тасымалданды. Бұл көкөніс өнімдері, ол теңіз, автомобиль жолдарымен өтіп, әрі қарай – Маңғыстау, Ақтөбе мен Атырауға жөнелтіледі. Оған азық-түлік пен көкөністер жатады.
Ж.Қасымбек айтып өткендей, Әзірбайжанмен негізгі тауар айналым темір жол арқылы Солтүстік Кавказ арқылы барады. Бұл метал, өңделген өнім, ал, экспорт 2,5 есеге көп.
Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасын талқылағаннан кейін бірауыздан мақұлдады.
Ақбота Күзекбай
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы