- Басты
- Жаңалықтар
- Біз ұлттық спорт түрлерін дамытуға үнемі ерекше назар аударатын боламыз – Б.Байбек
Біз ұлттық спорт түрлерін дамытуға үнемі ерекше назар аударатын боламыз – Б.Байбек
Алматы әкімі Бауыржан Байбек бірінші орынды жеңіп алған Қазақстан командасына 10 млн. теңге тапсырды.
«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жасампаз саясаты бүгінде ұлт санасын жаңғыртуды діттеген «Рухани Жаңғыруға» ұласты. Елбасы айтқандай, Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Олай болса, біз ұлттық спорт түрлерін, қазақтың палуандық өнерін дамытуды жан-жақты жалғастыра бермекпіз. Көкпар, аламан бәйге, аударыспақ, жамбы ату, қазақ күресі секілді ұлттық спорт түрлерін жүйелі түрде қолдау – бұл бір жағынан, жаужүрек батырлар тәрбиелеуге, спортшы жастардың танымал болуына, өмірден өз орнын алуына жасалған үлкен мүмкіндік болса, екінші жағынан, әлемдік өркениетке елімізді өз мәдениетімен, өз өнерімен, өз спортымен танытудың құралы», - деді мегаполис басшысы.
Алматы - бүгінгі күні әлем мойындаған спорттық орталық, небір аламан-дода өткізу дәстүріне ие қала, әйгілі саңлақтардың отаны. Жалпы, Тәуелсіздіктің алтын бесігі – әсем Алматының осы істердегі орны ерекше. Ірі халықаралық спорттық шаралар, әлем біріншіліктері, басқа да бірегей жобалар алматылықтардың күнделікті тіршілігінде мықтап орын алды. Тек бір ғана «Спорт менің ауламда» жобасының өзі биыл 6000-нан астам жас спортшыны қамтыды.
Қала әкімі Алматыда екі жыл қатарынан ат спортынан аламан жарыстардың өткенін айтты. Егер өткен жылы оған 200 жуық бәйгешілер қатысса, биыл 600 спортшы бақ сынасты. Ал, халықаралық «Еуразия барысы» турнирі мегаполисте осымен 2-ші рет өтті. Халықаралық сайысқа әлемнің 8 елінің, яғни Бразилия, Камерун, Грузия, Моңғолия, Жапония, Өзбекстан, Түркия және Қазақстанның 70-ке жуық палуаны қатысуда.
Турнир олимпиадалық шығып қалу жүйесі бойынша «қабырғадан қабырғаға» форматымен өтті. Ұлттық командалар құрамында танымал пауландар болды. Финалда Алматы қаласының палуандары мен Қазақстан командасы кездесіп, табан тірескен күрес барысында ұпай саны бойынша Қазақстан командасы бірінші орынды жеңіп алды.
Әлем Кубогінің жалпы жүлделік қоры - 20 млн. теңге. Бірінші орын жүлдесі - 10 млн. теңге, екінші орынға көтерілген Алматы қаласының командасы 6 млн. теңгені, үшінші орынды еншілеген Өзбекстан командасы 4 млн.теңгені ұтып алды.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері