- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да бірқатар әлеуметтік нысандар ашылды
ОҚО-да бірқатар әлеуметтік нысандар ашылды
Мұнда Балтакөл ауылдық округіне бас қақпа орнатылып, аталған ауылда тары-талқан өңдейтін 2 цех өз жұмысын бастады. Сондай-ақ, ауданда жаңадан 9 бірдей мал дәрігерлік бекеті мен 3 фельдшерлік-акушерлік тірек пен бірқатар сауда орталықтары және 1 көпірдің құрылысы аяқталды.
Сарыағаш ауданында әлеуметтік және коммуналдық 11 нысан тапсырылды. Оның ішінде 6 ғимарат мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтерген балабақша болса, 150 балаға шақталған мектеп пен отбасылық дәрігерлік амбулатория, екі спорт алаңшасы ашылып, бір елді мекенде аббаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Түлкібас ауданында 13 жаңа нысан xалықтың қуанышына айналды. Барша қазақстандықтар секілді 110 мың халқы бар Түлкібас жұрты ең ұлық мерекені жаңадан бой көтерген екі медициналық нысан мен бір балабақшаның ашылуымен бастады. Сондай-ақ, ауданда ардагерлерге арналған аллея мен демалыс орны және стела бой көтерді. Осы күні түлкібастықтарға күрделі жөндеуден өткен 4 мәдениет үйі мен екі ауылға қайта жөндеуден өткен ауыз су құбыры тапсырылды. Сонымен қатар, Шақпақ ауыл округінде облыстың тарихын танытатын стела ашылды. Бұл қақпа Жамбыл облысымен шекаралас аумақта орналасып отыр.
Түркістан қаласында 3 нысан іске қосылды. Мәселен, қаладағы идустриалды аймақта жылына үш мың дана жұмсақ жиһаз шығаратын «Cordial Turkestan» ЖШС-гі жұмысын бастаса, Отырар мөлтек ауданында 90 балаға шақталған жекеменшік «Индира» балабақшасы есігін айқара ашты. Сондай-ақ, киелі қалада «Түркі бағы» аллеясы орталықтың ажарын аша түсті.
Азат күнді тойлау кезінде Арсы қаласында 8 нысан пайдалануға берілді. Онда елді мекен тұрғындарына қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «Қазпочта» АҚ бөлімшесі, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған 75 балаға шақталған «Ұлбала», 100 бүлдіршінге лайықталған «Бағлан» және 360 орындық «Лидер» балабақшалары ашылса, «Отырар», «Наурыз», «Оңтүстік» тұрғын аудандарында 28,10 шақырым жол мен 74,4 шақырым болатын су жүйелерінің құрылысы жүргізілді. Осылайша, аталған шағын ауданның тұрғындары инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді.
Мақтарал ауданында да ел мерекесі айқын сезілді. Ауданда жаңадан салынған 8 нысан ел игілігіне берілді. Мәселен, төрт елді мекенде фельдшерлік акушерлік бекет пен екі ауылда дәрігерлік амбулатория ашылса, Мақталы және Қарақай ауылдық округтерінің әкімі аппаратының жаңа ғимаратының ленталары қиылды.
Ал Кентау қаласында 14 нысанның ашылу салтанаты өтті. Оның бірі С.Қожанов атындағы орталық саябақ болса, кейінгілері «Болашақ», «Батыс» және Жұлдыз» мөлтекаудандарының инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы аяқталды. Бұдан бөлек, Кентау қаласында көпқабатты тұрғын үйдің аулаларында орналасқан балалар мен жасөспірімдерге арналған 10 ойын алаңшасы жөндеуден өтті .
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында шағалалы Шардарада 900 орындық мектеп ашылса, Ордабасы ауданында екі жекеменшік балабақша балғындарды қуантты. Еліміздің егемендігі күні Бәйдібек ауданындағы Жарықбас елді мекеніндегі 700-ге жуық тұрғын таза сумен қамтамасыз етілді. Бұл аудан тұрғындары үшін көптен күткен игілікті іс болды.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қанша пайызға қымбаттады