- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада еліміздің бас шыршасының шамдары жағылды
Астанада еліміздің бас шыршасының шамдары жағылды
Алда келе жатқан мерекенің ең негізгі атрибутының бірі "ЭКСПО" көрмесінің аумағында Нұр Әлем сферасының маңайына орнатылды.
«Биыл Астанада орнатылған жаңа жылдық шыршаны 200 мың жарқыраған гирляндия мен 6000 шар және де әртүрлі жанып-сөніп тұратын әшекейлермен сәнделді. Шыршаның ұзындығы 25 метрді құрайды» - дейді Астана қаласының мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Нарима Мұхамбеталина.
Астана қаласының тұрғыны мен қонақтары үшін қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды, ал балаларға арнап сүйікті кейіпкерлерінің бейнесінде аниматорлар шықты. Шыршаны тұтандыру рәсіміне келушілер мерекелік фейерверкке куә болды.
"Осындай кезекті рет астананың бас шыршасын жағатын әдемі символикалық іс-шарасын бәрі жақсы көреді, баршамыз осы мерекені үлкен қуанышпен күтеміз. Мұнда келген балалардың да, үлкендердің де, қонақтардың да көңіл-күйі керемет", - дейді Н.Мұхамбеталина.
Бас шыршаны жағумен қатар ЭКСПО-2017 көрмесінің аумағында орналасқан ірі мұз қалашықтың да ашылуы болып өтті.
Мұнда ересектер үшін биіктігі 5 метр және ұзындығы 40 метр сырғанақ пен балалар үшін екі сырғанақ бой көтерді, балалар сырғанағы сәйкесінше - 2,5 және 14 метр. Ал қалашықтың тақырыбы "ЭКСПО-2017" Болашақтың энергиясы" деп аталды, сондықтан Лондонның Гайд-паркінде 1851 жылы ашылған бірінші ЭКСПО көрмесі мен 1889 жылғы көрмедегі кіре беріс қақпа - Эйфель мұнарасының мұз көшірмесі қойылды.
Балаларды әсіресе биіктігі 6 метр атақты Дисней Лэнд сарайының көшірмесі қызықтырды. Миньона, танымал комик қаһармандары, Макуин найзағайы, үш метр Аяз ата мен Қарша қыздың мұз бейнесі композициялардың сәнін аша түсті. Бұлардың бәрі де түрлі-түсті мұздан жасалды.
Сонымен қатар, қонақтар үшін мұз қалашықта биіктігі жарты метрге жуық 80 метрлік лабиринт ашылды. Қалашық барлық периметрі бойынша футуристік стилдегі архитектуралық формада орнатылды.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар