- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекет басшылары Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Мемлекет басшылары Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай шет мемлекеттердің басшыларынан және халықаралық ұйымның жетекшісінен құттықтау жеделхаттар келіп түсті.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жолдаған жеделхатында: «Сіз үшін ерекше осы күні мен еліңіздің Біріккен Ұлттар Ұйымын нығайтуға жəне баршамыз үшін бейбітшілікті, даму мен адам құқығын қамтамасыз ету жөніндегі ортақ ісімізді ілгерілетуге белсенді атсалысатынына жəне ықпал ететініне сенімдімін», - деп жазған.
Германия Федеративтік Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер өзінің құттықтау жеделхатында: «Дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бергі ширек ғасыр ішінде елдеріміздің арасындағы саяси, экономикалық, қоғамдық жəне мəдени байланыстар көп салалы әрі серпінді даму жолына түсті. Германия алдағы уақытта да демократия мен заң үстемдігін нығайту ісінде Қазақстанның сенімді серіктесі болып қала бермек», - деп атап өткен.
Канаданың Генерал-губернаторы Жули Пайетт өзінің құттықтау хатында Қазақстанның ядролық қаруды таратпау жөніндегі бастамасына қолдау көрсететінін атап өтіп, еліміздің бітімгершілік ұстанымы мен өңірді əрі қарай дамыту үшін қолға алып жатқан шаралары жөнінде айтқан.
Өзінің жеделхатында Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков Қазақстан-Қырғызстан қарым-қатынасы əрі қарай да одақтастық пен стратегиялық серіктестік рухында нығайып, дами беретініне сенім білдірген.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысына және Қазақстан халқына бақ-береке мен өсіп-өркендеуіне ниеттестік білдірген жеделхаттарды Жапония Императоры Акихито, Сингапур Республикасының Президенті Халима Якоб, Австрия Республикасының Президенті Александр Ван дер Беллен, Мексика Президенті Энрике Пенья Ньето, Нидерланд Королі Виллем-Александр, Куба Республикасы Мемлекеттік кеңесінің жəне Министрлер кеңесінің Төрағасы Рауль Кастро Рус жолдаған.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады