М. Бақтиярұлы халқымызды Тәуелсіздік мерекесiмен құттықтады

16 Желтоқсан, 2017 14:42
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы Қазақстан халқын Тәуелсіздік мерекесiмен құттықтады.

«Біз тәуелсіздігіміздің 26 жылдығын қарсы алудамыз. Тәуелсіздік деген ұғымды айтуға оңай болғанмен, 26 жыл ғасырға татиды деп өз басым есептеймін. Өйткені, біз жаңа қоғамдық формация құрдық. Бүкіл қоғамның экономикасын, ішкі-сыртқы саясатын біз түбегейлі жасап шықтық. Бұл 26 жылдың еншісіне тиді», - дедi депутат.


Тәуелсіздік ұғымын М. Бақтиярұлы Парламент мүшесі ретінде ерекше жағдай деп есептейді.
 

«Бұл Тәуелсіздігіміздің арқасында осындай жағдайға жетуіміз, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтың бізді білуі ең алдымен мемлекет басшысының арқасы деп білемін. Сол тәуелсіздікті құруға атсалысқан біздің қазіргі аға-буын, орта буынның үлесі бар», - деп атап өттi сенатор.

Осы орайда депутат бүкіл қазақстандықтарды атаулы мерекемен, құттықтап, өз тiлегiн бiлдiрдi.

«Бүкіл Қазақ еліне, біздің азаматтарымызға Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын, отбасылары аман болсын.  Әр уақытта да біздің аспанымыз ашық, күніміз жақсы болсын», - дедi  Мұрат Бақтиярұлы.


Ақбота Күзекбай

Барлық жаңалықтар