- Басты
- Жаңалықтар
- Жеткен жетістігіміз алтын елдің арқасы – Нұрсұлтан Назарбаев (ВИДЕО)
Жеткен жетістігіміз алтын елдің арқасы – Нұрсұлтан Назарбаев (ВИДЕО)
Жеткен жетістігіміз алтын елдің арқасы, деп ағынан жарылды Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты қабылдауда.
«Біз кеше рухы тапталған, ана тілі өгейсіп, ата діні алысталған, тарихи бір тұтам болып кесіліп, бағы қайтқан жұрт едік. Бүгін рухы асқақтап, тілі БҰҰ төрінен сөйлеген, хақ діні қайта жалғасқан, тарихы тамырын тауып, мың жылдық даңқы асқан, ұлы бабаларын ұлықтап, ұлы мәдениетін жаңғыртқан бағы жанған ел болдық. Бұның бәрі азаттығын аялап, тәуелсіздігін сақтаған, бірлікке ұйып, тірлігін оңдаған айналайын алтын елдің арқасы», - деді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстанның халықаралық аренадағы жетістіктеріне жеке тоқталды.
«Елордамызда халықаралық ЭКСПО көрмесі өткізілді. Биылдың өзінде Қазақстан дүние жүзілік Универсиаданы, Шанхай ынтымақтастық ұйымының тарихи саммитін, Ислам ынтымақтастығы ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитін, Сириядағы жағдайды бейбіт реттеуге арналған келіссөздерді өткізді. Ал 2018 жылғы қаңтар айында еліміз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етеді», – деді Мемлекет басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана Астанада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты қабылдау өтті.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды