- Басты
- Жаңалықтар
- Шымкентте 558 отбасы қоныс тойын тойлады
Шымкентте 558 отбасы қоныс тойын тойлады
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінен хабарлағандай, жалпы ауданы 31,5 мың шаршы метр болатын үйлердегі 558 баспана кілті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары мен жергілікті атқарушы органда кезекте тұрған азаматтарға берілді.
Әкімшілік-іскерлік орталығында пайдалануға берілген 9 қабатты 48 пәтерлі екі тұрғын үйдегі баспана кілтін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев, облыстық мәслихатының хатшысы Қ.Балабиев, Шымкент қаласының әкімі Н.Сауранбаев және қалалық мәслихатының хатшысы Н.Бекназаров арнайы табыстап, барша тұрғындарды жаңа қоныспен құттықтады.
«Елімізде тұрғындарды баспанамен қамту мәселесі жүйелі түрде жүргізілуде. Бүгінде мемлекет қолдауының нәтижесінде облысымызда баспанаға қолы жетіп, қоныс тойын тойлап жатқандардың қатары аз емес. Мәселен. Осы жылы «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында Шымкент қаласында 83 тұрғын үйдің яғни 5052 пәтердің құрылысы басталған болатын. Бүгін мерекесі қарсаңында осы тұрғын үйлердің 11-і, яғни, 558 пәтер беріліп отыр. Жыл соңына дейін тағы да арендалық 1152 пәтер болатын 16 тұрғын үйдің құрылысын пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Демек, осы айдың өзінде қаншама отбасы қоныс тойын тойламақ. Бұл егеменді еліміздің жемісі деп білемін», - деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ, Жансейіт Түймебаев баспаналы болған тұрғындарға балаларының атынан бір-бір ағаштан отырғызып, соны күтіп баптауды ұсынды.
Жалпы 2017 жылы барлық қаржыландыру көздері арқылы облыста 279 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Ол жалпы шаршы метрі 995,7 мың болатын 14 694 пәтер. Жыл соңына дейін аталған үйлердің 109-ның яғни 5893 пәтердің құрылысын аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр.
2017 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша облыстағы жалпы жеке және көпқабатты 547,1 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 4,1 пайызға ұлғайған.
-
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Биыл «Мерейлі отбасы» байқауы мен «Дарын» жастар сыйығын беру қалай ұйымдастырылады -
«Нұрлы жер»: 163 мың отбасы баспаналы болмақ -
Еңбекмин: зейнетақы жүйесі, АӘК және балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары -
«Жыр алыбы-175»: Жамбыл Жабаевтың мерейтойына орай ұйымдастырылатын шаралар -
Шымкентте «Сайлау-2021: Саяси жаңғырудың жаңа кезеңі» атты дөңгелек үстел өтті -
Жаңа жағдайдағы неке мен отбасы мәселелері -
«Birgemiz» қорынан 70 мыңнан астам отбасы атаулы көмек алды -
«Nur Otan» партиясы мен «Birgemiz» қоры отбасыларға тағы 50 000 теңгеден береді -
«OTAUFEST» фестивалі: Жеңімпаз атанған жас отбасы әсерімен бөлісті -
Отбасы күні: Ақпарат министрі мен қоғам белсенділері ұлттық тәрбие туралы сөйлесті -
Отбасы беріктігі – мемлекет байлығы -
Қазақстанда жас отбасылардың фестивалі өтеді -
«Нұрлы жер», «Бақытты отбасы» бағдарламаларының жүзеге асырылуы: жыл соңына дейін кімдер үй алады -
ИНФОГРАФИКА: Қазақстандағы отбасылық зорлық-зомбылық көрсеткіші қаншалықты артты