- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысының дәрігерлеріне 51 медициналық жедел жәрдем берілді
Алматы облысының дәрігерлеріне 51 медициналық жедел жәрдем берілді
«Құрметті медицина саласының қызметкерлері! Сіздерді келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Осы мереке қарсаңында мемлекет қолдауының арқасында бүгін сіздердің қуаныштарыңыз еселеніп отыр. Денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаражат көлемі жылдан жылға өсіп келеді. Соның нәтижесінде заман талабына сай денсаулық сақтау нысандары салынып, олар ең соңғы медициналық құралдармен жабдықталды. Бүгінгі күні аса күрделі операцияларды облыста өз дәрігерлеріміз жасай бастады және шетелде білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды. Тек соңғы 3 жылда 50-ден астам дәрігер Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Латвия, Польша, Израиль, Түркия сынды алыс шетелдерде білімін жетілдірді», - деді облыс әкімі Амандық Батталов.
Сонымен қатар, ол медицина саласына жасалып отырған қолдау шараларын тілге тиек етті.
«Соңғы жылдарда емдеу мекемелеріне 218 санитарлық автокөлік сатып алынса, жергілікті бюджет есебінен 640,0 млн.теңгеге 51 жедел жәрдем көрсететін жылжымалы кешеннің кілтін бүгін салтанатты түрде тапсырып отырмыз. Елбасының басшылығымен атқарылған осы игі шаралардың бәрі де сіздердің болашаққа сеніммен қарап, алаңсыз еңбек етулеріңізге жасалған жағдай деп біліңіздер», - деді А. Баталов.
Алматы облысының емдеу-профилактикалық мекемелерін автокөлікпен қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылы 51 бірлік автокөлік алу үшін жергілікті бюджеттен 640,0 млн. теңге бөлінген. Оның 33 бірлігі - санитарлық автокөлік, 18-і - желілік, реанимациялық және кардио-реанимациялық бригадаға арналған жылжымалы медициналық жедел жәрдем кешені. Бұл кешен медициналық құралдармен (электрокардиограф, дефибриллятор, жасанды демалту портативті аппараты т.б.) қамтамасыз етілген. Барлық автомашиналар облыстың аудан, қалаларындағы медицина ұйымдарына бөлінетін болады.
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді