Маңғыстау облысында бір жылда 21 балабақша ашылды

19 Желтоқсан, 2017 15:28
Маңғыстау облысында мемлекеттік бағдарламалар мен жеке кәсіпкерлер қаржысы есебінен биыл 2000 орынға арналған 21 балабақша салынып қолданысқа берілді, деп хабарлады облыс әкімдігінен.

«Ішкі өңірлік өнім өткен жылдың 11 айымен салыстырғанда 8% өсіп 1,1 трлн. теңгені құрады. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі наурыз айындағы 92,2% көрсеткіштен 99,6% дейін өсті. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 100% жеткізу жоспарланған. Облысымызға тартылған инвестицияның өсу қарқыны жыл басындағы 82%-дан бүгінгі күнге 104%-ға жетті. Яғни, жылдық көлем 420 млрд. теңгені құрайды», - деп атап өтті ведомсвтодан.

Облыста тұрғын үй құрылысын қарқынды түрде жүргізілуде. Өткен жылмен салыстырғанда «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары аясындағы жобаларды іске асыру есебінен құрылыс жұмыстары 100 пайыздан 102,8%-ға артты.

Өңірде мемлекеттік бағдарламалар мен жеке кәсіпкерлер қаржысы есебінен биыл 2000 орынға арналған 21 балабақша салынып қолданысқа берілді.

Бұдан басқа, ЭКСПО халықаралық көрмесінде көрсетілген жобаларды іс жүзінде пайдаланылуда. Мысалы, Ақтау қаласы мен Қарақия ауданы Жетібай ауылындағы білім беру ұйымдарында  пилоттық жоба ретінде 40 пайызға энергия үнемдеу технологиясы енгізілген. 

Бизнеске қолайлы жағдай жасау рейтингісіне сәйкес Маңғыстау 9 ай ішінде 12 орыннан 2 орынға көтерілді.  Облыс Астана қаласынан кейінгі екінші орында.  Рейтингте шағын және орта бизнесте жұмыс жасайтындар санының, олар өндіретін өнім көлемінің өсу қарқыны сияқты негізгі көрсеткіштер есепке алынды. «Бизнестің жол картасы», «Даму Өндіріс», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту»  бағдарламалары облысымызда қарқынды іске асуда және оң нәтижелерін беруде. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны бүгінде 47 мың бірлікті құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда  2500 бірлікке көбейген. Осы орайда, өңірдің дамуына үлкен үлесін қосып жүрген азаматтарымыз жетерлік. Мысалы, шағын және орта бизнесті қолдау нәтижесінде жергілікті кәсіпкерлер биыл  43 млрд.теңге қаражат бөліп, көптеген әлеуметтік нысандар салған.

Барлық жаңалықтар