Жамбыл облысында 55 индустрияландыру жобасы іске асырылды

18 Желтоқсан, 2017 15:01
Жамбыл облысында индустрияландыру бағдарламасы аясында 55 маңызды жоба 162 млрд теңгеге іске асырылды, деп хабарлады аймақ әкімдігінен.

Тәуелсіздік жылдары өңірлік жалпы өнім  аймақта 110 есе өсті. Облысқа 2 триллион теңге шамасында инвестиция тартылды. Индустрияландыру бағдарламасы аясында  55 маңызды жоба 162 млрд теңгеге іске асырылды. 6300-ден астам жұмыс орны құрылды.

Бұдан басқа, аймақтың агроөндірістік кешені де белсенді дамып келеді, өнеркәсіптік өндірістің  көлемі де артуда, әлеуметтік-мәдениет саласының нысандары бой көтеруде. Жамбылдықтардың өмір сүру сапасы түбегейлі өзгерді.

«Бүгінде, Мемлекет басшысы, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында біздің халқымыз Қазақстанның ұлы тарихын жаңа жетістіктерімен жалғастыруда және түрленуде. Еліміздің Тәуелсіздік күні батыл инвестициялық жобаларды жүзеге асырумен аталып өтеді. Осы егемендік жетістігіне біздің өңірімізде өз үлесін қосып келеді», - деп атап өтті әкімдіктен. 

Барлық жаңалықтар