- Басты
- Жаңалықтар
- Шымкентте медицина қызметкерлерінің аллеясы ашылды
Шымкентте медицина қызметкерлерінің аллеясы ашылды
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәліметі бойынша, бұл аллея Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облыстық Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен «Оңтүстік» медицина қызметкерлерінің қоғамдық бірлестігінің» бастамасымен бой көтерді.
Атап өтсек, аллея үш бөліктен тұрады. Бірінші таста Қазақстан Республикасы дәрігерлерінің антынан үзінді келтірілген. Екінші үлкен таста қазақтың алғашқы шипагері 95 жыл ғұмыр кешкен, осыдан 525 жыл бұрын өмірден өткен, халқымызға өшпес мұра қалдырған, денсаулық саласында өз заманының тарланы болған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының мүсіні орнатылған. Ал үшінші тас белгі өзгені құтқарамын деп өз жанын пида еткен медицина қызметкерлеріне арналған.
Өткенді жаңғыртып, еске алатын ескерткіштің ашылуына облыс әкімі Ж.Түймебаев, облыстық мәслихаттың хатшысы Қ.Балабиев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Мәуленқұлов, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының бірінші орынбасары Н.Жолдасов, облыстық мәслихат депутаттары мен медицина қызметкерлерінің ардагерлері, облыстық, қалалық және аудандық ауруханалардың бас дәрігерлері, медициналық жоғары және орта білімді оқу орындарының қызметкерлері мен студенттері қатысты.
Бұл ескерткіш бүкіл Оңтүстік өңірінің медицина қызметкерлерінің ынтымағы мен бірлігін айғақтайтын «символ» екенін айтқан аймақ басшысы ескерткішті орнатуға үлес қосқан барша азаматтарға алғысын білдірді.
Демеушілердің есебінен салынған бұл аллеяға танымал сәулетші Асқар Мамырбаев, мүсінші Әбдікәрім Ахметов және құрылысшы Руслан Искаковтың еңбектері сіңді.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
17 мамыр - байланыс және ақпараттандыру қызметкерлерінің күні