- Басты
- Жаңалықтар
- Астананың үш ауданында мерекелік отшашуды тамашалауға болады
Астананың үш ауданында мерекелік отшашуды тамашалауға болады
Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы хабарлағандай, бірқатар шаралар жақында басталды. «Наз» мемлекеттік би театры елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына «Тәуелсіздік тірегі - Астана» атты музыкалық концерт ұсынады, Сәкен Сейфуллин мұражайында «Ел жүрегі - Астана» көрмесі ашылады, сонымен қатар, «Алжир» музейінде «Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы» экспозициясы өз жұмысын бастайды. Тәуелсіздік сарайы Астана қаласының Суретшілер одағымен бірлесіп «Тәуелсіздік белгісі – Астана» картиналар көрмесінің тұсаукесерін өткізеді.
Ал, «Астана» концерт залында Симфониялық оркестрі мен «Сарыарқа» халық аспаптары ансамблінің Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орайластырылған концерттері көпшілікті қуантпақ. 16 желтоқсанда сағат 19:30-да мұнда «Ән мен әнші» мерекелік концерті көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын болады.
Театр сүйер қауым премьералар мен тарихи спектакльдер тамашалайды. 16 желтоқсанда Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Абылайханның арманы» атты тарихи драма көрерменнің назарына ұсынылады, осы күні М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында екі спектакль көрсетіледі – «Братец Лис и братец Кролик» ертегісі мен ересектерге арналған «Мастер и Маргарита» эклетикасы. Мұнымен қоса, мереке күндері балалар Қуыршақ театрында «Атамекен» ертегісін тамашалайды. 17 желтоқсанда сағат 19:00-де Бейбітшілік және келісім сарайында танымал артист Ғаділбек Жанайдың «Керек екенсің» атты жеке концерті өтеді.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Астанада екі ірі шара ұйымдастырылады. Қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен үлкен концерттер ашық алаңдарда өтеді. 16 желтоқсанда мерекеге орай елордада Әлішер Каримов, Әли Оқапов, ағайынды Жүгінісовтер, Маржан Арапбаева, Асқар Жүнісбек, «АртДомбыра» триосы өз өнерлерін ортаға салады. Мерекелік шаралар Қалалық алаңда және «Бәйтерек» монументінің жанындағы алаңда өтеді. Басталуы – сағат 18:00-де. Сонымен қатар, елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына мерекелік отшашу ұсынылады. Отшашу 16 желтоқсанда сағат 22:00-де Есіл өзенінің жағалауында, «Хан Шатыр» СОСО жанында және Абылайхан даңғылы мен Пушкин көшелерінің қиылысындағы гүлбақта ұйымдастырылады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда