- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбеде дарынды балаларға арналған интернат ашылды
Ақтөбеде дарынды балаларға арналған интернат ашылды
«Біз мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес білім беру саласына баса назар аударып келеміз. Тек биылдың өзінде өңірде 12 жаңа мектеп ашылды, тағы үш мектеп жыл соңына дейін оқушыларды қабылдайтын болады. Біздің мақсатымыз – облысымыздағы барлық балаға сапалы әрі қол жетімді білім алуға мүмкіндік беру», - деді Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев.
Жоғары сыныптың жүз оқушысы тұратын ғимараттың жалпы аумағы 1,4 мың шаршы метр. Интернат, ең алдымен, ауылдан келген дарынды балалардың тегін білім алулары үшін ашылған болатын. 85 бала мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында оқитын болады,мектептің құрылтайшылары балалардың интернатта жатып, білім алуы үшін 15 грант бөледі. Бүгінде бұл – Қазақстанда мемлекеттік – жеке серіктестік аясында жүзеге асырылған бірегей жоба.
«Интернатта математика, логика, ағылшын тілінен емтихан тапсырып, әңгімелесуден өткен облысымыздың барлық аудандарының балалары тұратын болады. Небәрі жүз орынға 760 бала талап білдірді. Байқау ашық түрде ата-аналар мен білім беру басқармасының өкілдерінің қатысуымен өтті. Мұнда балалардың жайлы өмір сүріп,білім алулары үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған»,-деп атап өтті мектеп директоры Берік Оразов.
Айта кетейік, балалардың дене бітімінің дұрыс дамуы үшін интернат жанынан футбол, баскетбол мен волейбол алаңдары, ойын алаңдары, workout аймағы, хоккей корты мен т.б. бар спорттық база құрылды.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері