- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында жаңа әлеуметтік нысандар ашылды
Ақтөбе облысында жаңа әлеуметтік нысандар ашылды
Атап айтқанда, Мәртөк ауданының Сарыжар ауылында мереке қарсаңында жаңа мектеп пайдалануға берілді. Үш қабатты ғимарат 320 оқушыға арналған. Жобаны жүзеге асыру үшін 700 млн.-дай теңге бөлінген.
Мектеп білім беру нормалары мен қауіпсіздік талаптарына толықтай сай келеді. Заманауи ғимарат салалық кабинеттермен, компьютер сыныптарымен, кітапхана, спорт және акт залдарымен, интерактивті мультимедиялық құралдармен жабдықталған.
«Мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясатының арқасында елімізде әлеуметтік саланы дамытуға зор көңіл бөлінеді. Бұған білім беру нысандарының қарқынды түрде салынуы, сонымен қатар аталмыш саланы қаржыландырудың артуы дәлел бола алады. 2017 жылы білім беру саласын қаржыландыру 17,3 млрд теңгеге көбейіп, 84 млрд-тан астам теңгені құрады. Соңғы үш жылда біздің өңірде 7 000 орындық 21 жаңа мектеп ашылды. Осы жылы Мәртөк ауданында үш бірдей жаңа мектеп оқушыларын қабылдады. Мемлекет жағдай жасап жатыр, жастардың міндеті – берілген мүмкіндіктерді бағалап, жақсы білім алу, өз елінің лайықты азаматы болу»,-деді облыс әкімі Б.Сапарбаев құттықтау сөзінде.
Жаңа мектеп бүгінде мыңнан аса оқушы білім алып жатқан ауыл мектебіндегі үш ауысымдық оқыту мәселесін шешуге септігін тигізеді. Биыл облыста барлығы 12 жаңа мектеп ашылды, тағы үш мектеп осы айда оқушыларын қабылдамақ.
Сонымен қатар, «Сымбат» жекеменшік физика-математика мектебінің жанындағы интернат пайдалануға берілді. 7-11 сынып оқушыларына арналған жүз бала тұратын ғимараттың жалпы аумағы - 1,4 мың шаршы метр.Интернат ең алдымен, ауылдық жерлерден келген дарынды балалардың кедергісіз білім алулары үшін ашылған. Осы мақсатта мектептің негізін қалаушылар балалардың интернатта жатып, білім алуы үшін 15 грант бөледі.
Айта кетейік, балалардың физикалық тұрғыда дамуы үшін интернат жанынан футбол, баскетбол мен волейбол алаңдары, ойын алаңдары, workout аймағы, хоккей корты мен т.б. сынды спорттық база құрылды.
Бердібек Сапарбаев Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенттерге арналған жаңа жатақханасының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Тоғыз қабатты ғимаратта 500 жас тұратын болады.
Барлық стандарттарға сай жабдықталған жатақхананың жалпы аумағы 8,6 мың шаршы метрден асады. Білім алу, бос уақытты тиімді пайдалану үшін оқу залы, интернет, жаттығу залы, демалыс бөлмесі және т.б. бар. Жатақхананың құрылысына бюджеттен тыс қаражаттан шамамен 1 млрд теңге аударылған.
Бұдан басқа, бүгін күрделі жөндеуден өткен қалалық «Геолог» мәдениет үйінің тұсаукесері өтті. Бұл мақсатқа қалалық және облыстық бюджеттен 72,9 млн. теңге бөлінді. Мұнда 400 орындық замануи көрермен залы, хореография залы, іс тігу үйірмесі мен жұмыс кабинеттері орналасқан. «Геолог» Қарғалы селолық округінде тұратын 19 мыңнан астам ақтөбелікке қызмет көрсетеді.
Сондай-ақ, облыс әкімі биылғы көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге берілген жер телімдерінде салынған жаңа үйлерді қарап шықты. Атап айтқанда, өңір басшысы зардап шеккендерге 81 жер телімі берілген Қурайлы селолық округінде болды. Қазіргі таңда 73 үй тұрғызылып, сегіз үйдің құрылысы жүріп жатыр.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары