- Басты
- Жаңалықтар
- ҚХА Кеңесі қазақстандықтарды мерекемен құттықтады
ҚХА Кеңесі қазақстандықтарды мерекемен құттықтады
«Сіздерді ұлттық мерекеміз, біздің ортақ табыстарымыз бен жетістіктеріміздің салтанаты – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтаймыз. Біз осыдан 26 жыл бұрын ел дамуының мемлекеттік егемендік, адамның еркіндігі, әлеуметтік теңдік, қоғамдық келісім мен ел бірлігі қағидаттарына негізделген жаңа тарихын бастадық. Бұл біздің мықты әрі жауапты азаматтардың ұлтын қалыптастыру жолымызды алдын-ала айқындады. Тәуелсіздігіміздің әрбір жылы – еліміздің дамуының маңызды кезеңі», - делінген мерекелік құттықтауда.
ҚХА мүшелері атап өткендей, өткен жыл еліміз үшін жемісті әрі маңызды оқиғаларға толы болды.
«Ел жүрегі – Астана «болашақтың энергиясы» халықаралық саммитін салтанатты түрде өткізіп, елорданың және ЭКСПО-2017 көрмесі қонақтарының таңданысын тудырды, бізге тағы да елімізді мақтан тұту бақытын сыйлады.
Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанның ХХІ ғасырдағы табысты дамуының негізі болып табылатын рухани жаңғыру бағдарламасы конституциялық және экономикалық өзгерістерді ұтымды толықтырады.
Бүгінгі таңда барлық қазақстандықтардың міндеті – біздің басты құндылығымыз, еліміздің жетістіктерінің іргетасы – өзге мәдениеттерге деген құрмет пен бауырмалдыққа негізделген ел бірлігі мен келісімді сақтау мен нығайту.
Құрметті отандастар!
Сіздерді баршамыз үшін тарихи таңдауымыздың жарқын көрінісі – өз тағдырымызды өзіміз шешетін, даму жолымызды өзіміз таңдау құқығын тарту еткен мерекемен құттықтаймыз!
Сіздерге Қазақстан халқының гүлденуі мен өркендеуі үшін игі бастамалар мен сәттілік, ізгі үміттер пен жаңа жетістіктер тілейміз», - деп тіледі Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі.
-
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Студенттер жатақханасындағы орын тапшылығы: Мәселе қалай шешіліп жатыр -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады -
Жамбылдағы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне дауыс беру басталды -
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі -
Сарапшылар: Түркі Кеңесі ұйымға айналса, түркі елдері арасында ынтымақтастық нығаяды -
Түркі кеңесінің бейресми саммиті: Президенттер ұсыныстары, Түркістан қаласының тарихи маңызы, экономикалық ынтымақтастық -
Қорғаныс министрлігінде Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті -
Алғыс айту күні: ҚХА атынан сайланған Мәжіліс депутаттары қазақ еліне алғыс айтты -
Жердің шетелдіктерге сатылмауы мен жалға да берілмеуі – халық күтіп отырған ең басты мәселе. Сарапшылар пікірі -
Ауыт Мұқибек: Жер дауына қойылған нүкте – қазақ тарихына алтын әріппен жазылған шешім