- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылға қарай Қазақстанда ЖІӨ-де энергияның жұмсалуын 10% төмендету жоспарланған
2015 жылға қарай Қазақстанда ЖІӨ-де энергияның жұмсалуын 10% төмендету жоспарланған
«Қазіргі таңда Қазақстан ЖІӨ-нің энергожұмсалуы Ресей мен Беларуське қарағанда бір жарым есеге артық. Ал АҚШ, Жапония секілді дамыған елдерден біздің көрсеткіш 5-7 есеге артық», - деді Н.Қаппаров.
Оның айтуынша, экономиканың энергия жұмсауын энергожинақтағы энерготиімділікті басқару жүйесін жетілдірмей және жаңартылмалы электр қуатын дамытпай жетілдіру мүмкін емес.
«Алға қойылған міндеттемелердің орындалуы тиімді саясатты жүзеге асыру арқылы мүмкін блолмақ. Қазіргі таңда елімізде нормативті база қалыптасып, оған заңдар мен түзетулер енгізілген. ҚР Үкіметінің қаулысымен 2012-2015 жылдарға арналған энерготиімділікті арттыру жоспары дайындалды», - деді министр.
Сонымен қатар, энергетикалық саланы жаңғырту жолында алға қойылған міндеттемелерді жүзеге асыру үшін мемлекет айтарлықтай инвестицияға мүмкіндік ашпақ.
«Тұжырымдамаға сай, 2030 жылға қарай «жасыл» экономиканың дамуы үшін 50 млрд АҚШ доллары көлемінде қаржы құю керек. Ал 2050 жылға қарай бұл көрсеткішті 100 млрд долларға қажеттілік бар. Аталмыш қаражаттың 50 пайызы жаңартылмалы қуат көздеріне бағытталмақ», - деп түйіндеді.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазатомпром» АҚ-ның үлескер компаниясы «Astana Solar» ЖШС базасында бүгін «Жасыл» экономика: энерготиімділік пен энергияны жұмсау» атты екі күндік семинар-тренинг басталды. Шара «Самұрық-Қазына» АҚ кіретін энергетикалық және инвестициялық компаниялар тобы, соның ішінде «Astana Solar» ЖШС, «KEGOK» АҚ, «Samruk-Green Energy» АҚ, «Самұрық-Қазына Invest» АҚ қызметкерлері мен жетекшілеріне арнап өткізілуде.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті