• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтөбеде Тәуелсіздік күніне орай «Дару жарығы» офтольмологиялық орталығы ашылды

Ақтөбеде Тәуелсіздік күніне орай «Дару жарығы» офтольмологиялық орталығы ашылды

16 Желтоқсан, 2017 11:12
Ақтөбеде Тәуелсіздік күніне орай «Дару жарығы» офтольмологиялық орталығы ашылды, деп хабарлады обыс әкімдігі.

Ауқымды жобаның салтанатты түрде іске қосылуына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, басқармалар мен департаменттердің басшылары, денсаулық сақтау және медицина қауымдастығының ардагерлері қатысты.

«Халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру – мемлекет басшысы қойған басты тапсырмалардың бірі. Осыған байланысты біз бүгін Батыс өңірінің аумағында мемлекеттік-жеке серіктестік аясында осындай алғашқы жобаны ашып отырмыз. Бұл қуанышты оқиға Қазақстанның ең маңызды мерекесі - Тәуелсіздік күні қарсаңында өтетінін білдіреді», - деді облыс әкімі.

Ол осы жылдың өзінде мыңнан аса ақтөбеліктің күрделі офтольмологиялық ота жасату үшін Астана, Алматы мен шетелдік емханаларға жүгінгендерін атап өтті.

«Енді оның қажеті жоқ. Орталықта көз ауруларына ертерек диагностика жасап, тиімді емделу үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалған. Мұнда халықаралық деңгейдегі жоғары мамандандырылған офтольмологиялық көмекті тек біздің облыстың ғана емес, Батыс Қазақстанның барлық тұрғындарының алуға мүмкіндіктері бар»,-деді Б.Сапарбаев.

Емхана директоры Ғалымжан Елеуовтың айтуынша медициналық мекеме Еуропа мен АҚШ-тың ең соңғы үлгідегі емдеу-диагностикалық құралдарымен жабдықталған, алты ота жасайтын залы бар.  Стационар алпыс кереуетке шақталған, емхана күніне 500  адамды қабылдайды. Диагностика, тексеру мен хирургиялық оталар медициналық көмектің кепілдендірілген шеңберінде жүргізілмек. Жергілікті дәрігерлерден құралған мамандар шетелдің үздік емханаларынан тәжірибеден өтіп келді. Жүзеге асырылған жобаның жалпы құны 3,8 млрд. теңге.

Барлық жаңалықтар