- Басты
- Жаңалықтар
- «Рухани жаңғыру» аясында Голливудта қазақ киносының фестивалі өткізілді – С.Әбдіхалықов
«Рухани жаңғыру» аясында Голливудта қазақ киносының фестивалі өткізілді – С.Әбдіхалықов
Бағдарламаның басында модератор Дәулетхан Жиенқұлов бағдарлама қонағын алған атағымен құттықтады.
«Бүгін Елбасы Сізге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын берді. Құттықтаймыз. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атану қандай екен?», - деді өз сөз басында ол.
Өз кезегінде, Сәбит Әбдіхалықов Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағының жүгі ауыр екенін атап өтті.
«Күні бүгінге дейін жасаған еңбегімізді елеп, Елбасы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын бүгін өзі берді. Бұл атақтың артар жүгі өте ауыр. Осы күнге дейін мәдениет саласында қалай аянбай еңбек етсек, болашақта да Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өз үлесімізді қосуға тырысамыз. Жалпы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының неізгі мақсаты әлемге рухани байлығымызды таныту болып отыр», - деді С.Әбдіхалықов.
Сонымен қатар, спикер «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған бірқатар шараларға тоқталды.
«Лосанджелесте, Голлувудта қазақ киноларының фестивалі өтті. Оған Асанәлі Әшімовтан бастап бірқатар зиялық қуым қатысты. Ондағы мақсат әлемге кинодағы жеткен жетістігімізді таныстыру, байланыс орнату болды. Сонымен қатар, театр өнерімізді Еуропаға таныстыру мақсатында да қыруар шаруа атқарылды. Астана мюзикл театры ашылғанына көп болмасада Еуропаны аралауда. Ол күні бүгінге дейін Франция, Германия, Австрия, Венгрия елдерінде Мұхтар Әуезовтың «Қаракөз» қойылымын қойып келеді», - деді ол.
Бұдан басқа, ол МСМ ұйытқы болуымен өткізілген «Қазақстан әлем фотографтарының көзімен» көрмесіне тоқталды.
«Біз кеше ғана АҚШ-тың Нью-йорк қаласынан келдік. Онда біз «Қазақстан әлем фотографтарының көзімен» көрмесін БҰҰ-ның штаб-пәтерінде өткіздік. Келер жылы Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіз кеңесіне төрағалық етуінде тағы да бұл көрмені қоятын боламыз. Жалпы, бұл көрме ЭКСПО-2017 халықаралық маманандырылған көрмесінен бастау алған болатын. МСМ ұйымдастыруымен біз елімізге әлемнің үздік фотографтарын шақырып, фотофестиваль өткіздік. Оған қазақстандық фотографтарда қатысты. Олар Қазақстанның табиғатын, әдемі жерлерін түсіріп, өздерінің әлеуметтік желілерінде суреттерін жариялап, біздің елді насихаттап, жарнамалады. Оның нәтижесі бойынша арнайы кітап басып шығарылды. Жалпы, бұл шараға Ресей, Қытай, Франция және т.б елдердің үздік 13 фотографы қатысты. Бұл шаралардың барлығы әлем бізді мәдениетімізбен, риханиятымызбен таныса деген мақсатпен өткізілуде», - деп түйіндеді С.Әбдіхалықов.
Мөлдір Асқарқызы
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары