- Басты
- Жаңалықтар
- Тәуелсіздік күніне орай сенаторларға мемлекеттік наградалар табыс етілді
Тәуелсіздік күніне орай сенаторларға мемлекеттік наградалар табыс етілді
«Қазақстан Республикасы Президентінің көреген саясатының арқасында еліміз Тәуелсіздік жылдары небір сын-қатерлерден сүрінбей өтіп, талай белестер мен биіктерді еңсерді. Бірлігі жарасқан, әлем таныған елге айналдық. Мәңгілік Ел болуды бағдар еткен қуатты мемлекетті қалыптастырдық», - деп атап өтті Парламент жоғарғы Палатасының басшысы.
Төраға сөзінде экономиканы әртараптандыру, тұрақты өсім, халықаралық саясатта достық пен өзара ынтымақтастықты басшылыққа алу, ішкі саясатта азаматтық құндылықты жоғары қою дамудың негізгі формуласына айналғаны айтылды.
«Экономикалық дамумен қатар қоғамда рухани жаңғырудың қажеттілігі айқын көрінуде. Рухы биік елдің қашанда еңсесі биік болатыны анық», - деді Қ.Тоқаев.
Сенат басшысы депутаттар мен Палата Аппаратының қызметкерлерін Елбасының кешенді бағдарламаларын, ел егемендігі мен мемлекетіміздің қарқынды дамуын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз еткені үшін алғысын білдірді. Жоғарғы Палата Төрағасы сенаторларға мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі, халықтар арасындағы достық және ынтымақтастықты нығайтқаны үшін наградалар табыс етті.
Сенатор Серік Бектұрғанов, Бекмырза Еламанов, Сергей Плотников «Парасат» орденімен; Мұратбай Жолдасбаев II дәрежелі «Достық» орденімен; Нұрлан Қылышбаев «Құрмет» орденімен марапатталды. Сенатор Дариға Назарбаева ТМД Парламентаралық Ассамблеясының шешімімен «Содружество» орденімен, Рашит Әкімов, Мұрат Бақтиярұлы, Бекмырза Еламанов, Дулат Құсдәулетов, Ольга Перепечина, Марат Тағымов ТМД Парламентаралық Ассамблеясының «Парламентаралық ынтымақтастықты нығайтқаны үшін» медалімен марапатталды. Қажырлы қызметі үшін депутаттар Әли Бектаев, Серік Бектұрғанов, Мұратбай Жолдасбаев, Дархан Кәлетаев, Георгий Ким, Нұрлан Қылышбаевқа ТМД Парламентаралық Ассамблеясының Құрмет грамотасы табыс етілді. Парламент Сенаты Аппаратының бірқатар қызметкерлеріне де марапаттар табыс етілді.
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Олимпиада ойындарын өткізу: шығын ба әлде табыс па