«Даму» қоры 2013 жылы ОҚО кәсіпкерлеріне 53,2 млрд теңгеге қолдау көрсетті

16 Қаңтар, 2014 10:42
«Даму» қоры 2013 жылы ОҚО кәсіпкерлеріне 53,2 млрд теңгеге қолдау көрсетті, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан облысында өткен жылы несие бойынша кәсіпкерлердің 229 жобасы 53,2 млрд теңге көлемінде субсидия алды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 605,6 млн теңге көлемінде несие бойынша 25 жеке кепілдендіру берілді. 23 кәсіпкер 59,6 млн теңгенің грантына қол жеткізді.

Бұдан бөлек кәсіпкерлерге семинарлар мен курстар ұйымдастырылды. «Даму» жобасы аясында 3 компания шетелдік сарапшылардың тәжірибелік кеңестерін алды.

Жалпы, «Даму» қорының өңірлік бөлімшесі жанындағы Шымкент қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына өткен жылдың өзінде 1,3 мың кәсіпкер келіп кеңес алған. Мемлекеттік бағдарламалар, бухгалтерлік есеп пен аудит, салық мәселесі, экономикалық және заңгерлік сұрақтар бойынша 1,5 мың қызмет түрлері көрсетілді.

 

 

Барлық жаңалықтар