- Басты
- Жаңалықтар
- Ержан Бабақұмаров: «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы - Нұрсұлтан Назарбаевтың өткенге және болашаққа көзқарасы
Ержан Бабақұмаров: «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы - Нұрсұлтан Назарбаевтың өткенге және болашаққа көзқарасы
«Менің ойымша, бұл жай ғана кітап емес, бұл - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өткенге және болашаққа көзқарасы. Осы жылдары болған оқиғаларда нақты талдау жасалған. Бұл тек фактілер ғана емес, бұл талқылау, терең пайым мен біздің Президенттің болашақты болжауы. Меніңше, кітаптың құндылығы бәріміз үшін айқын көрініп тұр. Себебі, бұл туынды біздің мемлекетіміздің тарихын жасаған адамның қаламынан туып отыр. Сол себепті, кітап қашан да қажеттілігін жоғалтпайтын тұтас кезеңнің құжаты болып табылады. Президент өз жазуында жас мемлекеттің іргесін көтеру барысы әлемдік оқиғалар үрдісімен қатар жүргенін ерекше атап өтеді. Меніңше, «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының ең басты ерекшелігі осында», - дейді ол.
Ержан Бабақұмаровтың айтуынша, Президент біздің тарихымызға деген толғауын терең көрсетіп берген. «Тоқсаныншы жылдары экономика, саясат, әлеуметтік салада зор өзгерістер болып, біз тоталитарлық жүйені ысырдық. Нарықтық экономиканың іргесін қаладық. Екінші модернизация 90-шы және 2010 жылдары жасалды. Экономика шұғыл дамып, біз жаңа өмір сапасына қол жеткіздік. Жаңа астананың іргесі көтерілді. Ең бастысы - біз «Қазақстан-2030» Стратегиясында белгіленген тапсырмаларды уақытынан бұрын орындап, дамыған елу елдің қатарынан көріндік», - дейді Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары.
Ержан Бабақұмаров өз сөзінде кітапта Президенттің соңғы жылдары еліміздегі болып жатқан өзгерістерге нақты әрі ойлы баға бергені өзіне ерекше әсер еткенін айтады.
«Президент өз кітабында Қазақстан дамыған елу елдің қатарына кіргеннен кейін ТОП-30 мақсаты қойылып отырғанын атап өтеді. Алайда 2014-2016 жылдары геосаясат, геоэкономика, жаңа технологияларға қатысты әлемде көп деңгейлі процестер басталып кеткендіктен, алдын ала есептерді еңсеріп кету мүмкін болмады. Дағдарыстарға төтеп беру үшін «Нұрлы жол» бағдарламасы жарияланды. Бар болғаны үш жылда Қазақстан әлемдік ахуалдарға бейімделіп, 2016 жылдың соңында 2017 жылдың басында экономикалық өсімін қалыпқа келтірді», - дейді ол.
Ержан Бабақұмаров Президенттің үшмодернизациясы біздің мемлекеттің іргесін көтеру процесін құрайтынын жіті түсіндірді.
«Президент қабылданған шешімдердің ішкі логикасын көрсете отырып, сол арқылы қиындықтарды қалай еңсергенін көрсетті. Мәселен, діни, ұлттық мәдени, тіл, ұлт болашағына қатысты ең өзекті сұрақтарға келгенде күрделі мәселелер шешімін тапты. Ресей-Түркия қарым-қатынасын реттеудің мән-жайы белгілі болды. Мен үшін «Тәуелсіздік дәуірі» бұл тек өткен жылдар туралы кітап қана емес, біздің елдің болашақта қандай қағидаттарға сүйену керектігін көрсетіп берген туынды», - дейді Ержан Бабақұмаров.
Еске сала кетсек, Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабының салтанатты тұсаукесері болып өтті. Тарихи публицистика жанрында жазылған, қазақ және орыс тілдерінде басылған Елбасының бұл еңбегі еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар