Парламент

ҰҚК ақпараттық ресурстарды сақтайтын бірыңғай резервтік платформа құрады

Құнды мәліметтерді жоғалпау үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті ақпараттық ресурстарды сақтайтын бірыңғай резервтік платформа құрады. Бұл туралы Сенатта ҚР ҰҚК Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жасалатын қылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы басқармасы басшысы Ғалымбек Тәтенов мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан15 Желтоксан , 14:51

«Биылғы жылдың жазында  вирус-шифр анықтаушы әлем бойынша ақпараттық жүйелерді шифрлаған. Ақпаратты электрондық түрде сақтаудың резервтік платформасы аталмыш ақпараттың тәуелсіз көшірмесін жасауға мүмкіндік береді. Барлық  шұғыл маңызды ақпарат – үкімет шұғыл маңызды деп таныған, олардың жоғалуы мемлекеттік кейбір үрдістерге әсер етіп, ұлттық қауіпсіздікке де  қауіп төндіретін   мемлекеттік және квазимемлекеттік органдар базасының  деректері. Егер басты ақпарат жойылса, оны интернетке  қосылмаған  тәуелсіз көшірмеден қайта қалпына келтіру мүмкіндігі бар. Мысалы, Қазақстанның барлық жеке тұлғалары туралы дерек жойылмайды», - деді Г.Тәтенов.

Заң жобасын талқылау барысында сенаторларды «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске» енген өзгертулер қызықтырды.

«Аталмыш ақпаратты қорғау үшін заң жобасы  маңызды инфрақұрылымды   электронды ақпараттық ресурстарды бірыңғай  резервтік платформа құруды қарастырады. Бұл өзгерту ҰКП мен Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бастамасымен енгізілді», - деді ол.

Кайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика