- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат БАҚ туралы заңға өзгертулер енгізуді көздейтін заң жобасын қарайды
Сенат БАҚ туралы заңға өзгертулер енгізуді көздейтін заң жобасын қарайды
Ақпарат және коммуникация мәселелері бойынша заң жобасы үкіметтің заң жобалары жұмыстарының 2017 жылға арналған жоспарына және 2016-2021 жылдарға есептелген заң шығармашылығының жұмысы тұжырымдамалық жоспарына сәйкес жасақталды. Онда БАҚ, байланыс пен ақпарат салаларында құқықтық қатынасты реттеуге арналған 6 кодекс пен 16 заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу қарастырылған.
Қазақстанның ақпарат және коммуникация вице-министрі Алан Әжібаев еске салып кеткендей, заң жобасында бұқаралық ақпарат құралдарын одан әрі дамыту үшін заңнамалық базаны қалыптастыру, қазақстандықтардың БАҚ-пен қарым-қатынасын реттеу, меморгандар мен БАҚ арасында тиімді қарым-қатынасты қалыптастыру, ақпараттық және коммуникация технологиялары мен байланысты дамыту көзделген. Сонымен қатар, заң жобасында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын тиімді іске асыру бойынша нормалар кешенді түрде ұсынылған.
«Бұл талқыланып отырған заң жобасы бірден үш саланы дамытуға бағытталған кешенді шаралардан тұрады. Атап айтар болсақ, ақпарат, байланыс пен ақпараттандыру салалары. Сонымен, заң жобасы ақпараттық саладағы азаматтардың құқығын қорғауға, БАҚ қызметіне сапалық тұрғыда өзгертулер енгізуге, олардың ақпаратқа қолжетімділігін арттыруға, ұлттық заңнаманың ішкі үйлесімдігін қамтамасыз етуге, сапалы тұрғыда пайдалануға мүмкіндік береді», - деді А.Әжібаев.
Жалпы, комитететтің бұл отырысында БАҚ туралы заң жобасына қатысты көптеген сұрақтар қойылып, қызу талқылаулар болды. Аталмыш заңды болашақта Сенаттың бірінші оқылымында таныстыру жоспарлануда.
Қайрат Жандыбаев
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары