Шығыс Қазақстанда шағын наубайхана ашылды

16 Қаңтар, 2014 10:45
Үржарлық кәсіпкерлер нан пісіруді қолға алды. Аудандағы Қоңыршәулі ауылының тұрғыны Нұршат Абдуллина мемлекеттік «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 1 млн 500 мың теңге несие алып шаруасын дөңгелентіп отыр, деп ШҚО ақпараттық орталығы хабарлады.

Бүгінгі күні наубайханада тәулігіне 60 кг печенье және тоқаш өнімдері пісіріледі. 2 жұмыс орны ашылды. Шағын цех нан пісіруге лайық барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Кәсіпкер Нұршат Абдулиннің айтуынша, нанды түнде бастап, таңғы алтыларда пісіріп болады.

Одан өзге, өз қаражаттарын қосып, бірлесе наубайхана салған 2 кәсіпкер бар. Мұнда тәулігіне 100-150 бөлке нан мен нан өнімдері өндіріледі. Цехта 4 адам жұмыспен қамтылған.

Аталған наубайхана иелерімен І-ші сұрыпты нан бағасын белгіленген шекті бағадан асырмау туралы Меморандум жасалынып, нан бағасы 45 теңгеге тұрақтандырылған

 

 

 

Барлық жаңалықтар