- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік хатшы Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы жүлдені тапсырды (ФОТО)
Мемлекеттік хатшы Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы жүлдені тапсырды (ФОТО)
Гүлшара Әбдіхалықова барша қазақстандықтарды және жиналғандарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Мемлекеттік хатшы өз сөзінде ұлттық мейрам – Тәуелсіздік күні қарсаңында қазақстандықтарға еліміздің дамуына қосқан жеке үлесі үшін мемлекеттік наградаларды тапсыру дәстүрге айналғанын атап өтті.
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаетың халықтың әл-аухатын көтеруге бағытталған стратегиялық бағытын жүзеге асыруымыздың арқасында еліміз заманауи және табысты болды. Бүгінде Қазақстан жүйелік өзгерістер мен түрлену кезеңінде. Мемлекет индустрияландыруды жалғастыруда, мақсат жаһандық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізу. Біз «Стратегия-2050» кешенді түрде жүзеге асырудамыз», - деді Г.Әбдіхалықова.
Марапатталғандар қатарында – мәдениет, білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларының қайраткерлері, мемлекеттік қызметкерлер, экономиканың түрлі салаларының өкілдері мен ауыл шаруалары және жұмысшылар. ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен Қазақ-Америка университетінің президенті Ережеп Мамбетқазиев, ҚР Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин марапатталды.
Содан соң, ҚР Мемлекеттік хатшысы «Парасат», «Құрмет» ордендері мен «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалін тапсырды.
Сонымен қатар, Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы сыйлықпен қазақстандық ғалымдар марапатталды.
Ақбота Күзекбай
Фото: Бауыржан Жуасбаев
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады