• Басты
  • Қазақстанда халықтың мәдениет саласына деген қызығушылығы артып келеді (ШОЛУ)
15 Желтоқсан, 2017 12:14

Қазақстанда халықтың мәдениет саласына деген қызығушылығы артып келеді (ШОЛУ)

14 желтоқсанда Президент жариялаған «Қазақстан - 2050» стратегиясына 5 жыл толды. Ос қысқа мерзімде елімізде көптеген дүниелер өзгерді. Мысалы, соңғы үш жылда халықтың мәдениет саласындағы қызметке көңілінің толуы тұрақты қанғаттанарлық жағдайда екенін көрсетіп отыр және динамика оң жаққа қарай өзгеруде, бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің «Strategy2050.kz»АА жолдаған ақпараттық сұрауына берген жауабында айтылған.
Қазақстанда халықтың мәдениет саласына деген қызығушылығы артып келеді (ШОЛУ)

Әлеуметтік зертеулердің мәліметіне сәйкес, соңғы үш жылда халықтың мәдениет саласында көрсетілген қызметтің сапасына көңілі толып отырғанын және тұрақты динамика өсімін көрсетуде: 2014 жылы – 67,9%, 2015 жылы – 69,1%, 2016 жылы – 70,3%,

МСМ атап өткендей, мәдениет ұйымдарының жұмысы да оң нәтижеге қол жеткізуде. Соңғы үш жылда елміз бойынша 37 мыңнан астам  спектакль қойылды, 16,9 мың концерт ұйымдастырылды, музейлер мен музей-қорықтар 22,4 мың көрме өткізді.

«Кітапхана ісінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақ ұлттық электронды кітапхананы (ҚазҰЭК) құру бойынша жобаны дамытуға басымдылық берілген, бүгінде оның қорында 30 мыңнан астам құжаттың электронды көшірмесі бар», -деп хабарлады ведомстводан.

КазҰЭК жобасын жүзеге асыру аясында электронды қорды кеңейту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде, ол ұлтымыздың негізгі зияткерлік ресурсы болуға бағытталған. ҚазҰЭК қоры жы сайын шамамен 3 мың көшірме электронды құжаттармен толығады.

Олар «Мәденимұра» ұлттық стратегиялық жоба аясында шығарылған кітаптар, авторлары немесе меншік құқық иесі ұсынған сирек кездесетін Қазақстанның тарихы, экономикасы, мәдениеті, өнері, ғылымы  туралы кітаптар.

2016 жылы ҚазҰЭК-ға келгендер саны әлемнің 116 мемлекетінен келген 53,1 мың адамнан асты, ал 2015 жылы әлемнің 115 елінен 60 мың адам келді.

Бұдан басқа, отандық киноиндустрияда жақсы дамып келеді.

«Қазақфильм» АҚ киностудиясында көркем, деректі және анимациялық фильм өндірісінің технологиялық желісі қамтамасыз етілген.

Компанияның түрлі жанрдағы және форматтағы киноларды түсіруге мүмкіндік беретін заманауи және жоғарыбілікті құрал-жабдықтары бар.

Егер марапаттар туралы айтатын болсақ, біздің кинематографистердің соңғы үш жылда 200-ден астам картиналары 150 кинофестивальға және әлемнің 48 еліне халықаралық көрсетілім көрсетіп, 100-ден астам жүлдеге қолжеткізді.

2014 жылы 15 отандық картина 36 кинофестиваль мен халықаралық деңгейдегі кино көрсетілімге қатысып, 11 жүлде ұтып алды.

2015 жылы 23 қазақстандық картина 15 кинофестиваль мен халықаралық деңгейдегі кино көрсетілімге қатысты, оның ішінде «А» санатындағы 2 фестиваль бар.

2016 жылдың қорытындысы бойынша 23 қазақстандық фильм 28 халықаралық кинофестивальға қатысып, 14 жүлдемен қанжығасын майлады.

Мәдениет министрлігінен еске салып кеткендей, Ұлт жоспары аясында «Мәңгілік Ел» кешенді жоспары жасақталды, ол 2015-2020 жылдар аралығында қазақтың көне заманнан бергі тарихы мен мәдениетін, заманауи өмірін, тарихи тұлғалар мен азаматтары туралы сыр шертетін көп сериалы кинолар мен тележобаларды жузеге асыруға бағытталған.

Гүлтай Хасенова

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды