• Басты
  • Мұнайлы ауданында ауыз су өңдеу цехы іске қосылды
15 Желтоқсан, 2017 11:46

Мұнайлы ауданында ауыз су өңдеу цехы іске қосылды

Тәуелсіздік қарсаңында Мұнайлы ауданында «Керуен» ауыз су өңдеу цехы іске қосылды,деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Мұнайлы ауданында  ауыз су өңдеу цехы іске қосылды

Кәсіпорын 12 адамды тұрақты жұмыспен қамтып, тәулігіне 2500 дана бөтелкеленген ауыз су шығаруға мүмкіндігі бар. Жалпы аумағы 800 шаршы метр болатын нысан 105 млн. теңгеге салынған. Кәсіпорын иесі 85 млн  теңге  «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ алса, 20 млн теңге жеке қаражатынан жұмсаған.

«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Бәсекелестік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы» - деп  айтқандай, бүгінгі ашылғалы тұрған нысан озық технологиямен, нарықта  бәсекеге қабілетті тауар өндіретіндігіне сенімдімін»,-деді ашылу салтанатына арнайы келген облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Сондай-ақ, Мұнайлы ауданында экзотикалық құстар өсірумен айналысатын ферма бар. Шаруашылық иесі ет-жұмыртқа өнімдерін шығарып, сирек кездесетін түйеқұс, қаз, үйрек, күркетауық, қырғауыл, бөдене, мысыр тауығы (цесарка) және тауыс (павлин) бағады. Мұнда жалпы саны 4350-дей  қанатты бар. 6 га аумақты алатын нысанға 123 миллион теңге қаражат жұмсалған. Фермада 20 адам жұмыс істейді.  Аймақ басшысы аталған кәсіпорынның жұмыс барысымен танысып, шаруа иесінің кәсібіне сәттілік тіледі.

Аудандағы бүгін есігін айқара ашқан балабақшаның бірі - 63 орындық «Алтын бесік» жекеменшік балабақшасы. Кәсіпкер бөбекжай құрылысына 70 миллион теңге жұмсапты. Мекеме 15 адамды жұмыспен қамтып отыр.

«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «...Мемлекет пен бизнес тек экономикалық қана емес, әлеуметтік мәселелерді шешуде толыққанды серіктес болуы тиіс» - деп атап өткендей, бала тәрбиесі – баршамыздың аса қажетті ісіміз екендігі белгілі. Жаңа ғана Басқұдық ауылдық округінен «Мөлдір» атты жекеменшік балабақшаның ашылу салтанатының куәсі болдық. Осы балабақшаның табалдырығын аттаған бүгінгі бүлдіршін, ертеңгі еліміздің  жарқын болашағының негізін қалайтын мықты азаматтар боларына сенімім мол»,-деді ол.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды