• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен АҚШ ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы ынтымақтастықты арттыруда

Қазақстан мен АҚШ ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы ынтымақтастықты арттыруда

15 Желтоқсан, 2017 09:43
Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов АҚШ-тың Ауыл шаруашылығы Министрі – Шетелдік Ауыл шаруашылығы қызметі бойынша кеңесшісі Диана Аяламен кездесті.

ҚР АШМ мәліметі бойынша, кездесуде ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

«Біз үшін басты бағыт – тамақ өнімдерін дайын және жартылай дайын етіп шығаратын салалардың дамуы. Қазақстан жағы өсіруден бастап терең өңдеу және өнімді саудалауға дейінгі толық циклды дұрыстау үшін америкалықтармен бірлескен кәсіпорындар құруға мүдделі. Біз тарапымыздан олардың жұмыс істеуіне қажетті барлық жағдайды жасауға әзірміз», - деді А.Мырзахметов.

Сонымен қатар, ведомство басшысы аграрлық ғылым мен қажет технологиялар саласы да қызықтыратын атап өтті. 

Барлық жаңалықтар