• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қызылорда облысында 2013 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 46,4 млрд теңгені құрады

Қызылорда облысында 2013 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 46,4 млрд теңгені құрады

16 Қаңтар, 2014 10:04
2013 жылдың қаңтар-қарашасында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 46,4 млрд. теңгені құрады, деп Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«2013 жылы облыста күріш кластерін дамыту мақсатында, яғни облыста өндірілетін күріштің бәсекелестігін арттыру бағытында биылғы жылы консорциум құрылды. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғары көрсеткіш. Облыстың негізгі дақылы күріштің  1 гектарына төленетін субсидия нормасы 25 мың теңгеге ұлғайтылып, шаруашылықтар шығындарының бір шамасы өтелді», - делінген хабарламада.

2013 жылы «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ы арқылы 73 шаруа қожалығы  468,3 млн. теңге несие алды.

«Сыбаға» бағдарламасының аясында ағымдағы жылы 500 бас мүйізді ірі қара малына арналған жалпы құны 139,0 млн. теңгені құрайтын бір мал бордақылау алаңының құрылысы қазан айында бітіп, іске қосылды.

Осы қаржыға 8 «Ветстанция» МКК және ауылдық округтердегі ветеринариялық пункттердің 135-не арнайы автокөлік, ұйымдастыру техникасы, офистік жиһаздар (кітап және кйім шкафтары, жазу үстелдері, орындықтар), жануарларды қозғалтпай ұстауға арналған құрылғы, ветеринариялық құралдар және тағы басқалар сатып алынды.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша  2013 жылы   306 маман жеңілдетілген несиемен тұрғын үй алып, 754,7 млн.теңге игерілді. Сонымен қатар, 271 маман көтерме жәрдемақы алып, 98,7 млн.теңге игерілді.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс тұрғындарын негізгі азық-түлік өнімдерімен қол жетімді бағада тұрақты қамтамасыз ету үшін жыл басынан бері 29 рет ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіліп 220,2 млн. теңгенің өнімдері сатылды.

 

 

Барлық жаңалықтар