- Басты
- Жаңалықтар
- Жаңа сайланған Бас муфтиге әріптестері сәттілік тіледі
Жаңа сайланған Бас муфтиге әріптестері сәттілік тіледі
«Қасиетті Ислам дінінің қанат жайып, өркендеуі жолында талай қазақстандықтар әлем мұсылмандарының қайнар бұлағы болған елдерде білімдерін жетілдіріп, біліктілігін арттырды. Солардың қатарында Бас мүфти Серікбай қажы Оразды ерекше атап өтуге болады. Ол 20 жылдан астам уақыт бойы Діни басқарманың өркендеуі жолында аянбай қызмет етті. Серікбай қажы әйгілі Әл-Азһар университеті мен Исламабадтағы Әлемдік университеттің түлегі. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін бітіріп, М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің "Менеджмент" мамандығы бойынша магистратурада білім алған. "Нұр Мүбəрак" университетінің Исламтану мамандығы бойынша магистр академиялық дәрежесін алған», - деді сөз басында Ахметжан қажы Керімбек.
ОҚО бойынша өкіл имамның пайымынша, Серікбай қажы білімін тәжірибемен ұштастырып, еліміздегі дін саласының өркендеуіне өзіндік үлес қосып, айрықша із қалдырды. Ол жас кезінен бастап діни басқармада маңызды һәм жауапты қызметтер атқарып, Бас мүфти лаузымына дейінгі сатылардан өтті. Жергілікті жерлерде де тәжірибесін шыңдап, облыс, қала имамдары қызметтерін атқарды.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында үш бірдей бас мүфтидің орынбасары лауазымдарында болып, дін саласы қызметкерлерінің біліктілігін көтеру, оқу-ағарту салалаларына, тағы басқа маңызды мәселелерге жетекшілік етті. Қазақстан мұсылмандарының VІІІ құрылтайына қатысушылардың бірауыздан Серікбай қажы Сатыбалдыұлын Қазақстан мұсылмандары діни басқарамасының Бас мүфтиі лауазымына сайлауы еліміздегі діни саладағы жұмыстарға тың серпін, жаңа мазмұн береді деп сенемін», - деп сендірді Ахметжан қажы Керімбек.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады