- Басты
- Жаңалықтар
- Шетелге шығатын қазақстандық азаматтарға арналып «SmartTravelKZ» мобильдік қосымшасы жасалды
Шетелге шығатын қазақстандық азаматтарға арналып «SmartTravelKZ» мобильдік қосымшасы жасалды

Спикерлердің айтуынша СІМ жасап шығарған «SmartTravelKZ» тегін мобильдік қосымшаның басты мақсаты шетелдердегі Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жедел түрде қолғабыс беріп, жәрдемдесуді көздейді.
«Мобильдік қосымша аймақтық ерекшеліктеріне қарай, елдер туралы тиімді ақпаратпен, барған елдеріндегі өзін ұстау нормалары, қауіпті жағдайға арналған іс-шаралар, төтенше жағдайлар кезіндегі ескертулер және шетелде жүрген азаматтар үшін басқа да маңызды мәліметтермен қамдайды. Қосымшаның көмегімен пайдаланушылар барған елінде санитарлық-эпидемологиялық және қылмыстық жағдай туралы да деректерді таба алады»,-дейді ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мадиев.
Мобильдік қосымша офлайн режимде де жұмыс істейді. Сонымен қатар, шет елдердегі сақтандыру, медициналық қызмет жөнінде кеңестер, төтенше жағдайлардағы әрекеттер, көмекке арналған телефон нөмірлері, қазақстандық көлікпен тасымалдаушылар өкілдерінің байланыс деректері, медициналық және адвокаттық мекемелер бойынша ұсыныс беру сипатындағы ақпараттар да енгізілген. Аталған қосымшаны пайдаланушылардың сол елдердегі Қазақстанның консулымен байланыса алады және онлайн режимде төтенше жағдайлар бойынша консулдық көмек ала алады.
Бұдан бөлек СІМ өкілі еліміз азаматтарын шетелде қорғау және көмек көрсету жұмыстарынан мәлімет берді.
Есбол Социалхан
-
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды
-
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді
-
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы
-
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді
-
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді
-
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады
-
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды
-
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру
-
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды
-
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды

