- Басты
- Жаңалықтар
- Б. Сағынтаев құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия отырысын өткізді
Б. Сағынтаев құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия отырысын өткізді
Отырыс барысында 2017 жылға құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі өңірлік ВАК жұмысының нәтижелері талқыланды және ВАК жұмысының 2018 жылға арналған Жоспарының жобасы мақұлданды.
«Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заңға сәйкес жергілікті атқарушы органдар жанынан құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі Ведомствоаралық комиссиялар құрылды және жұмыс жасайды, олардың төрағалары облыс және аудан (қала) деңгейіндегі әкімдер болып табылады. ВАК жұмысшы органы – ҚР ІІМ.
ІІМ бастамасымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды (құрамында ҚР ІІМ, ҰЭМ, ДСМ және ЕХӘҚМ өкілдері бар), ол Қостанай, Қызылорда және Алматы облыстарының өңірлік ВАК жұмысының тиімділігін тексерді.
Жеке өңірлік комиссиялардың қызметін «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру сапасын тексеру бойынша ҚР Президенті Әкімшілігі жанынан құрылған жұмыс тобы тексерді.
Әр өңірде комиссия құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мәслихат депутаттары, ал 2016 жылдан бастап жергілікті полиция қызметінің басшылары да енді.
Комиссия жұмысының 2018 жылға арналған Жоспар жобасы мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың құқық бұзушылықтардың алдын алудың 2017-2019 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыруы мәселелерінен, сондай-ақ маскүнемдік, нашақорлықтың алдын алу бойынша жұмыстан және құқық бұзушылықтардың алдын алу субъектілерімен жұмысты одан әрі жетілдіруден тұрады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары