- Басты
- Жаңалықтар
- ҚМДБ және Дін істері агенттігі меморандум қабылдады
ҚМДБ және Дін істері агенттігі меморандум қабылдады
«Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Марат Әзілхановты қабылдады. Тараптар еліміздегі діни тұрақтылықты сақтау, ұлтаралық татулықты арттыру, конфессиялар мен діни бірлестіктер арасындағы келісімді күшейту сынды бірқатар мәселелерді сөз етті», - делінген хабарламада.
ҚМДБ Ғұламалар кеңесі мен Төралқа мүшелері, облыстың бас имамдары қатысқан басқосуда Бас мүфти ортақ Келісімнің мәні мен маңызына һәм мақсатына тоқталды.
«Алла тағала баршамызға бейбіт заманда өмір сүруді нәсіп етті. Құдайға шүкір, Тәуелсіздігіміздің арқасында Ислам дінін насихаттаудың, адамдар арасында бірлікті нығайтудың мүмкіндігі туды. Бәріміздің илегеніміз бір терінің пұшпағы. Ол - елдің бірлігі, мұсылмандардың ынтымағы. Данышпан Абай атамыз: «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» дейді. Олай болса, өзара бірігіп, еліміздің болашағы үшін еңбек етуіміз керек. Біз «бөлшектей бер де, билей бер» идеологиясынан зардап шеккен, соның тауқыметін көрген ұлтпыз», - деді бас муфти Ержан қажы Малғажыұлы.
Тараптар қабылданған қарар аясында конференциялар, дөңгелек үстелдер, форумдар өткізеді.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар