- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында Құқық қорғау қызметінің орталығы ашылды
Ақмола облысында Құқық қорғау қызметінің орталығы ашылды
Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының орынбасары Марат Мұратұлы Ахметжанов, облыс әкімі Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин, құқық қорғау органдарының басшылары және прокуратура органдарының ардагерлері қатысты.
Құқық қорғау қызметі орталығы жұмысының басты қағидасы –прокуратураның арнаулы алаңдарында азаматтарға кең ауқымдағы тегін құқықтық қызмет ұсынуы.
«Аталған Орталықта азаматтардың құқық бойынша мәселелерін прокурорлар, адвокаттар, медиаторлар, пробация қызметі, әкімдік, ІІД және ЖПҚ қызметкерлері қабылдайтын болады. Бұл - 100 нақты қадам Ұлттық жоспарына сәйкес құқықтық қызметтерді бір орынға интеграциялау», - деп хабарлады Бас прокуратура.
Орталықтың негізгі міндеті - шағымдарды жедел шешу, азаматтардың құқық қорғау және мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру, әкімшілік кедергілер мен бюрократияны жою.
Бүгін прокуратура азаматтар үшін құқықтық көмектің қол жетімді болуына және прокуратураға жүгінген әрбір адам өз проблемасын шешуге нақты нәтиже алуы үшін жұмыс жасауда.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
«Құқықтық мемлекет» ұғымы және Қазақстан -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек