- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында дінтанушылардың алғашқы аймақтық форумы өтті (ФОТО)
Алматы облысында дінтанушылардың алғашқы аймақтық форумы өтті (ФОТО)
Форум Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында жүргізілді.
«Қазіргі уақытта Алматы облысы бойынша діни бірлестік пен филиалдарының жалпы саны - 595. Оның ішінде мешіттер - 436, православиелік шіркеулер - 51, Рим-Католик шіркеулері - 11, протестанттық бағыттағылары - 95. 12 конфессия өкілдері татулық пен бірлікте өмір сүруде», - деді аймақтағы дін істері басқармасының басшысы Р.Есдәулетов
Форумның пленарлық отырысы форум резолюциясын қабылдаумен аяқталды. Әкімнің орынбасары Ж.Омар ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері мен өңірдегі діни бірлестіктердің өкілдеріне алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табыстады. Ол басқарма «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іске асырған «Рухани керуен» жобасына қатысқан жергілікті зиялы қауым өкілдерінің ерекше рөлін атап өтті.
Айта кетейік, қыркүйек айының басында дін істері басқармасы Елбасының бағдарламалық мақаласы аясында «Рухани керуен» жобасын бастаған болатын. Үш айдың ішінде түрлі салалар өкілдері: теологтар, қоғам зиялылары, ғалымдар, мәдениет және өнер саласының өкілдері өңірдегі барлық аудандарды аралады.
Рухани керуен аясында облыстағы шығармашылық зиялы қауым өкілдері жергілікті аудандар мен ауылдық елді мекендердің күнделікті тыныс-тіршілігімен танысты. Жастардың аға буын өкілдерімен кездесулері, оңалту жұмыстары, көрмелер ұйымдастырылды, көпшілік шығармашылық топтардың мәдени-рухани өнерін тамашалады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері