- Басты
- 2017 жыл Қазақстанның сыртқы саясаты үшін өте нәтижелі болды – М.Әшімбаев
2017 жыл Қазақстанның сыртқы саясаты үшін өте нәтижелі болды – М.Әшімбаев

Мәулен Әшімбаев атап өткендей, 2017 жыл қазақстандық сыртқы саясат үшін барынша табысты және нәтижелі болды. Сонымен, парламентарийдің айтуынша, Қазақстанның басты жетістігі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне уақытша мүше ретінде қабылдануы.
«Егер кетіп бара жатқан жылда жеткен жетістіктерімізді сараптайтын болсақ, онда Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің уақытша мүшелікке алынуын атап өтсек болады. Осының өзі еліміздің сыртқы саясаты мен еліміздің жаһандық және аймақаралық проблемаларды шешуге араласуын халықаралық қауымдастықтың жоғары бағалайтынын көрсетеді. Қазақстанның ядролық таратуды болдырмау саясатын ескеретін болсақ, бейбітшілік миссияларда, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне уақытша мүшелікке алынуы маңызды қадам болып табылады және де біздің мемлекетіміздің халықаралық деңгейде мойындалуын дәлелдей түседі», - деді Мәулен Әшімбаев.
Депутаттаың айтуынша, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше болу біздің елімізге Мемлекет басшысының түрлі салаларда бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
«Ағымдағы жылдың аясында Қазақстан БҰҰ ҚК бірқатар комитеттерімен етене жұмыс істеді. Атап айтқанда, Ауғаныстан бойынша комитетпен, «Аль-Каида» комитетімен, Сомалидегі жағдайды реттеу бойынша комитеттпен жұмыс істеді. Осы ретте, Қазақстанның уақытша мүше ретінде миссияны орындауы өте маңызды болды. Біздің еліміз БҰҰ ҚК-ға қаңтар айында төрағалық етеді. Сондықтанда, мен келер жыл БҰҰ аясында қазақстандық бастамаларды насихаттауда айтулы жыл болады деп есептеймін және де біз уақытша мүшелігіміздің нақты жұмысының нәтижесін көретін боламыз», - деп баса айтты М. Әшімбаев.
Мәжілісменннің пайымынша, екінші жеткен жетістігіміз – ол елордада 93 күнге созылған ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу болды.
«ЭКСПО өткізу үлкен халықаралық шара болды. 100-ден астам мемлекет осы шараға белсенді атсалысты. Көптеген елдердің басшылары, премьер-министрлері, Қазақстанның Үкімет мүшелері ЭКСПО көрмесін аралап көрді. ЭКСПО көрмесі біздің экономикамызға жаңа технологиялар, жаңа технологияларды пайдалану арқылы жаңа өндірістерді ашу, еліміздің халықаралық ұстанымын нығайтуға өз үлесін қосты және де әлі үлесін қосуда. Сондықтанда, ЭКСПО маңызды экономикалық, ішкі саяси және сыртқы саяси оқиға ретінде қарастыруға болады», - деп толықтырды ол.
М. Әшімбаевтың пайымынша үшінші жетістігіміз Сириядағы бейбіт мақсаттағы миссиямызды тиімді жүзеге асыру болды.
Депутат атап өткендей, дәл осы жетістіктеріміз Қазақстанның 2017 жылғы сыртқы саясаты үшін өте маңызды болды.
«Мен, 2018 жылы да Қазақстан осылайша көптеген бағыттар, дәлірек айтсақ аймақтық, жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, маңызды бетбіт мақсаттағы миссияларды орындау бойынша белсенді жұмыс істейді деген сенімдемін», - деп есептейді М. Әшімбаев.
Ақбота Күзекбай
Фото ашық дереккөзден
-
Мамин: 2021 жылы мұнай-газ өнімдерін 12 %-ға арттыру жоспарланды
-
Генерал-лейтенант: Биылғы міндет – бірде-бір сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу
-
2020 жылы Қазақстанның Даму Банкі қаржыландырған кәсіпорындар 1 трлн теңгенің өнімін экспорттады
-
Зейнетақы төлемдерін пайдалану үшін өтініш қалай және қайда жіберіледі
-
COVID-19: Чехияда төтенше жағдай 14 ақпанға дейін ұзартылды, ал Португалия Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатпақ
-
Біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалану қағидалары қашан күшіне енбек
-
Экономист: Ел экономикасының қайта қалпына келуі үшін шамамен 3-5 жыл керек
-
Сенат отырысы: Қазақстанның көлік жүргізушілеріне қатысты жаңа Заң қабылданды
-
2020 жылы 13 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
-
2021 жылы төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері өзгерді
-
Латын графикасы прогреске, озық технологияға, өркениетке жол ашады – Зейнеп Базарбаева
-
Қазақстанның кеден бекеттерінде 2021 жылы қандай өзгерістер болды
-
COVID-19: Аустралия жыл соңына дейін шекарасын ашпайды, Бразилия ресейлік вакцинаны тіркеген жоқ
-
COVID-19: "Пандемияның екінші жылы біріншісінен қиын болуы мүмкін"
-
Ауыл әкімдерін сайлауда аудан әкімінің емес, жергілікті халықтың ықпалы басым болу керек – Айбек Қалиев

