- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада жыл басынан бері 98 апатты үйдің тұрғындары жаңа пәтерлерге көшірілді
Астанада жыл басынан бері 98 апатты үйдің тұрғындары жаңа пәтерлерге көшірілді
Астана қаласы тұрғын үй басқармасының ақпараты бойынша 2013-2016 жылдар аралығында 117 апатты үй сүріліп, 1570 отбасы жаңа үйге көшкен.
«Осы жылы 111 апатты үйден, 1863 отбасыны көшіру жоспарланған, сонымен қатар, қазіргі кезде 98 апатты үйден 1425 отбасыны жаңа үйлерге көшіру аяқталуда. Беріліп жатқан үйлер мына мекенжайлар бойынша Астана қаласы, «Есіл» ауданы Е 16 көшесі, № 2,4,6 үйлер және Құтпанов көшесі 28 үй»,- деп хабарлады басқарма.
Қазіргі таңда қалған 13 апатты үйден 404 отбасыны көшіру үшін пәтерлерді тапсыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сүрілген апатты үйлердің орнына саябақ, алаң, спорттық алаңдар салу жоспарланған.
Ал, сүрілген ескі үйлердің кей орындарына егер инженерлік коммуникациялар толық тартылған болса «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көпқабатты тұрғын үй кешенін салу жоспарланған (Құтпанов-Алтынемел, Шынтас, Республика мен Мәскеу).
Мекеменің хабарлауынша, қазір сүріліп жатқан 228 апатты үйден бөлек, қосымша тағы 82 апатты жатақ тектес үйлер сүрілуге жатқызылды.
Естеріңізге сала кетейік, апатты-ескі үйлерді сүріп тастау бойынша пилоттық жоба алғаш рет елордада ТМД елдері арасында өткізілуде.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді