• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2009 жылдан бастап ішкі нарықтағы отандық құрылыс материалдарының үлесі 71%-ға дейін артты

2009 жылдан бастап ішкі нарықтағы отандық құрылыс материалдарының үлесі 71%-ға дейін артты

16 Қаңтар, 2014 10:02
2009 жылы ішкі нарықтағы отандық құрылыс материалдарының үлесі 55,2% болса, 2013 жылы бұл көрсеткіш 71% құрады.

2008 жылы гипсокартонды еліміз 100 пайыз шеттен сатып алатын. 2013 жылдың 10 айындағы көрсеткіш бойынша аталмыш құрылыс материалының 87,7 пайызы өзімізде өндіріледі.

Елімізде гипс картонын және құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру бойынша «Жамбылгипс» АҚ-ы, «Alina» ЖШС-і, «Knauf Kazakhstan» ЖШС-і, «Alit» -ЖШС-і секілді 4 кәсіпорын қызмет етуде. 2013 жылдың 10 айы қорытындысы бойынша ішкі нарықта өндіріс көлемі 87,7% құрады.

Республика аумағында 110 кірпіш өндіруші қызмет етеді. 2013 жылдың 10 айы қорытындысы бойынша ішкі нарықта отандық материалдың үлесі 68,8% құрады.

7 жаңа кірпіш зауытының құрылысы аяқталып, қуаттары іске қосылғаннан кейін 2016 жылға қарай өнімнің осы түрін импорттаудан толығымен бас тарту жоспарланады.

Жаңа енгізілген зауыттардың арқасында, қазір ішкі нарықтың 60% отандық өндірістегі материалдармен қамтамасыз етіледі. 2012-2013 жылдары пайдалануға берілген ірі өндірістерді ерекше белгілеу керек – Ақтөбе облысындағы «Alina Pro» және Алматы облысындағы ««Алматы бояулары».

Өткен жылы терезе мен есіктер үшін профиль өндіру бойынша 2 жоба жүзеге асырылды: ОҚО – «Триумф М.М.С» зауыты» ЖШС-і, қуаттылығы жылына 7000 тонна өнім және Астана қаласында – «Функе Кунсштоффе» ЖШС-і, қуаттылығы жылына 6000 тонна өнім. Осы зауыттарды іске қосу нәтижесінде еліміздің өнімнің бұл түріндегі мұқтаждығы толықтай отандық өндіріспен қамтамасыз етілген.

Вице-премьер Әсет Исекешев Үкімет отырысында өз сөзінде «индустрияландырудың екінші бесжылдығында құрылыс материалдарының, жылылықты оқшаулайтын, жабындық материалдардың, керамика бұйымдарының, табақ шыны, полимер материалдарының өндірісін дамыту әрі қарай жалғаса беретінін» белгіледі. Бұл ретте, климаттық және сейсмикалық жағдайларға және индустриялық үй құрылысы технологияларына бейімделген, жаңа буындағы композиттік және полимерлік материалдарды өндіру 2-ші бесжылдықта құрылыс саласының басымдықтарының бірі болады. 

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар